Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
Әлеуметтік көмек шын мұқтаж адамдарға берілуі тиіс - Тоқаев
Шулағандарға жауапкершілік: Тыныштықты бұзған қазақстандықтарға қанша айыппұл салынады
"Бір картинам 150 мың теңгеге бағаланған": Қазақ қызы көркем жазуымен Dior мен Givenchy-дің назарын аударды
Алматылықтар түтін иісіне шағымданып жатыр: Төтеншеліктер не болғанын түсіндірді
Сыртқы істер министрлігі енді саусақ ізін тіркей алады
"Пышақ алып шыққан": Алматыда автобус пен жеңіл көлік жүргізушісінің жанжалы видеоға түсіп қалды
Нутрициолог кімдерге құрт жеуге болмайтынын айтты
Талғарда қайғылы оқиға болған көшеге Шерзат Полаттың есімін беру ұсынылды
Қазақстанды алда жоғары инфляция мен теңгенің әлсіреуі күтіп тұр – Сарапшылар
Алматылық самокат жүргізушілеріне бір айда 3 мыңнан астам айыппұл салынған
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою
Дін категориясындағы басқа сұрақтар
Ұрық донорлығына шариғат қалай қарайды?
1
1
1
1
0
Айғаным 05
3 жылы бұрын пайда болды
Медресеге түсу үшін қандай экзамен тапсырады?
Медресеге түсу үшін қандай экзамен тапсырады?
Cайтқа кіру
Ең танымал
Барлық айдарлар
Мақал-мәтелдер
49
Қазақтың салт-дәстүрлері
14
Эссе мен шығармалар жиынтығы
23
Нақыл сөздер
7
Жұмбақтар
2
Білім, ҰБТ
207
Денсаулық
191
Махаббат
18
Мерекелер
25
Тарих
54
Құттықтау тілектер
39
Сценарий
6
Үйлену тойы
15
Дін
81
Кино мен ТВ
2
Ұстаздарға
13
Танымал тұлғалар
90
Қазақ әдебиеті
121
Компьютер және интернет
17
Қазақстанның көрнекі жерлері
20
Әлем бойынша
38
Қоғам және саясат
72
Жануарлар және өсімдіктер
58
Жұлдызнама және жорамал
17
Түс жору
17
Ғылым және техника
49
Сән және сұлулық
48
Заңгерлік кеңес
17
Әртүрлі
256
Қаржы кеңесшісі
12
Ойындар
10
Ал, енді, оның саудасына келер болсақ, ұрық саудасы Ислам экономика талаптарына сай емес. Неге десеңіз, шариғатта сауда дұрыс болуы үшін, сатылатын зат «әл-Мәлуль Мүтақаууим» болуы шарт. Яғни, біріншіден, сатылатын зат «мал-мүлік» санатынан болуы ләзім. Мал-мүлік санатына кірмейтін заттарға сауда келісім шарты жүзеге аспайды. Мысалы, өлексе, қан, адам саудасы т.б. харам.
Екіншіден, шариғат рұқсат еткен зат болуы керек. Мысалы, мұсылмандарға доңыз етін сату, арақ-шарап сату т.б. харам. Осы тұрғыда, адамның ұрығы – мал-мүлік санатына жатпайды. Сондықтан да, оның сатылуы дұрыс емес.
Оның үстіне, "Сахих Бухариде" келтірілген бір риуаятта, сахаба Абдулла ибн Омар былай деген: «Алла елшісі (с.а.у.) хайуанның аталық мүшесінің шәуәтін сатудан тыйды»[3].
Ең дұрысы – Аллаға мәлім!
Абдусамат Қасым
Екіншіден, шариғатымыз дүниеге таза әрі тегі белгілі ұрпақ дүниеге келуін мақсат етеді. Ойнастың және некесіз жыныстық қатынасқа түсудің харам болуының бірден-бір себебі де осы. Өйткені, зинақорлық етек алған қоғамда кімнің ұрпағы екені беймәлім балалар дүниеге келіп, әкесімен туыстық байланысы белгісіз нәсіл пайда болады.
Үшіншіден, шариғатта «неке кедергілері» деген түсінік бар, яғни, өз-ара некелесуге болмайтын жандар[2]. Соның ішінде, қаны бір бауырлас екі жас еш уақытта некелесе алмайды. Неке қиылған күннің өзінде, ол, неке – неке болып есептелмейді. Ал, енді, ұрық донорлығы – қоғамда қан араластығын тудырып, адамдар арасында туыстық байланысты болдырады. Бұл өз кезегінде, қоғамда некесіз отбасылардың құрылуына, ағайынды екі жастың жұптасуына алып келеді.
Қазақ дәстүріндегі «жеті атаға шейін үйленбеу» пәлсапасының астарында: бауырлас екі жастың қосылуын болдырмау ережесі жатыр десек, ұрық донорлығы аталмыш ереженің тас-талқанын шығаратыны айтпасақ та белгілі.
Ендеше, "ұрық донорлығы" бағдарламасы шариғатқа қайшы. Мұндай жүйеге мұсылман кісінің ат салысуының өзі ағаттық.
Ұрық донорлығы деп, әлдебір ер кісінің жалғыз басты әйелге немесе өздігінен баланы дүниеге алып келуге қабілетсіз ерлі-зайыптыларға жыныс жасушалары (генетикалық ақпарат) бар тұқымдық сұйықтығын беруді айтады. Шариғатта бөтен еркектің ұрығын, яғни, некелі жарынан өзге еркектің ұрығын (сперма) әйелдің жатырына орналастыру – харам. Мұнда ғұламалар арасында талас жоқ.
Сахих бір хадисте пайғамбарымыз Мұхаммед (ғ.а.) былай деген: «Аллаға және ахірет күніне сенетін адам өзінің суымен өзгенің көшетін суғармасын...»[1].
Бұл жердегі «судан» мақсат – шәует. Исламда тек өзінің некелі күйеуінің ғана ұрығын, некелі жарына орналастыруға рұқсат. Ал, өзгенінкіні орналастыру – зина жасағанмен пара-пар. Бұнымен қатар, әлеуметтік тұрғыдан алып қарағанда, донорлықтың әлгіндей түрі қоғамда кейбір келеңсіз жағдайларды тудырары анық: Біріншіден, тұқым қуалаушылық факторы негізінде айтар болсақ, ұрық донорлығы себепті белгісіз әлдебіреудің геніндегі психологиялық һәм физиологиялық ерекшеліктері балаға өтеді. Бұл дегеніміз, әкесінің генімен жеті қайнаса сорпасы қосылмайтын бала дүниеге келеді деген сөз.