Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
Жамбыл облысындағы 6 жасар баланың өлімі: аурухананың бас дәрігері жұмысынан босатылды
"Altyn Bank" бастамасымен банк мамандары, сарапшылар мен бизнес өкілдері ESG стандарттарын енгізу мәселесін талқылады
Қылмыстық жауапқа тартылған Самат Әбіш премиум-класстағы автокөлігін сатып жатыр
Қордайлықтар қытайлық инвесторлардың алтын қазуына қарсы шықты: облыс әкімі тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізілетінін айтты
"Тәжірибесіз, жұмыс істеуге құлықсыз": Z-ұрпақ пен қазақстандық кәсіпкерлер арасында тартыс басталды
"Бәсекелестер қолдап, күтпеген жерден ақша түседі": Желтоқсан айына арналған жұлдыз жорамал
"Үстімнен күліп, мазақ етті": Желіде актриса Айшолпан Байтүгелді мазақ еткен косметика сататын дүкенге қатысты дау туды
Қайрат Сатыбалдының ұлына тиесілі болған "Байсат" базарының үлесі қайтадан аукционға қойылды
Дастан Сәтпаев әлемнің үздік жас футболшыларының қатарына енді
Жамбыл облысында босанған әйел бір сағаттан соң сәбиі мен жатырынан айырылып қалған: Екі тарап та арызын қайтарып алған
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою
Тарих категориясындағы басқа сұрақтар
Орта ғасырдағы ең күшті мемлекеттерді білесіздер ме?
1
1
1
1
1
Cайтқа кіру
Ең танымал
Барлық айдарлар
Мақал-мәтелдер
49
Қазақтың салт-дәстүрлері
14
Эссе мен шығармалар жиынтығы
23
Нақыл сөздер
7
Жұмбақтар
2
Білім, ҰБТ
207
Денсаулық
191
Махаббат
18
Мерекелер
25
Тарих
54
Құттықтау тілектер
39
Сценарий
6
Үйлену тойы
15
Дін
81
Кино мен ТВ
2
Ұстаздарға
13
Танымал тұлғалар
90
Қазақ әдебиеті
121
Компьютер және интернет
17
Қазақстанның көрнекі жерлері
20
Әлем бойынша
38
Қоғам және саясат
72
Жануарлар және өсімдіктер
58
Жұлдызнама және жорамал
17
Түс жору
17
Ғылым және техника
49
Сән және сұлулық
48
Заңгерлік кеңес
17
Әртүрлі
256
Қаржы кеңесшісі
12
Ойындар
10
V ғасыр соңында Меровингтер әулетінің королі Хлодвиг франктер мемлекетін құрды. Франктер христиандықты қабылдап, бірте-бірте осы жерде тұрып жатқан галл-римдіктермен кейіннен француздар аталып кеткен бір ұлтқа бірігіп кетті. Каролингтер әулетінен шыққан франктер королі Ұлы Карл өз қолтығының астына барлық герман тайпаларын біріктіруді армандады. Көптеген сәтті жорықтар оған VІІІ ғасыр соңында Даниядан Рим мен Испанияға дейінгі жерге қанат жайған алып империя құруға мүмкіндік берді.
VІ ғасырда Британияны бағындырғаннан кейін, англдар, сакстар және юттар оның аумағында өз мемлекеттерінің негізін қалады. Уақыт өте келе басқыншылардың тілі ағылшын тілі деп, ел Англия деп атала бастады. 1066 жылы Англияға норманд герцогі Вильгельмнің әскері басып кіріп, англосакстарды талқандады. Жаулаушы Вильгельм мен оның ұрпақтары Англияға иелік ете бастады.
Еуропа мемлекеттері
Көшпенді тайпалардың (тағылар) Рим империясы территориясына басып кіруі - тарихта Халықтардың ұлы қоныс аударуы деп аталды. Тағылар әлемі кельттер, германдар және славяндар болып үш ірі топқа бөлінді. Бірнеше ғасыр бойына кельттер құнарлы жер іздеп Галиияға (қазіргі Франция), Солтүстік Италияға, Германия мен Испанияның бөлігіне, Швейцарияға, Австрияға, Чехия және Британ аралдарына қоныстанды. Кельт тайпаларының галлдар, гельветтер, аквитандар, бриттер, скоттар сынды бірнеше атауы болды. Германдықтардың тайпалары Батыс Рим империясының аумағында Италияда остготтар, Испания мен Оңтүстік Галлияда вестготтар, Галлияда бургундар мен франктар, Африканың солтүстігінде вандалдар, Британияда ангалдар, сакстар және юттардың мемлекеттері сияқты бірнеше мемлекеттер құрды. Бұл Еуропа бет-бейнесінің өзгеруіне алып келді.