Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
18 рет пышақ тыққан: Оралда ТКШ-ның бұрынғы қызметкері әйелін өлтірді деген күдікке ілінді
"Қудалауды бастады": БҚО-да мектеп меңгерушісі Tik-Tok түсіргені үшін жұмысынан қуылды
Көптоғайда орнатылған шекара қоршауларын қайта бұзып тастады: Желіде видео тарады
Ashyq қосымшасында "қызыл" мәртебеге ие қазақстандықтарды қандай жаза күтіп тұр
6 науқастан Уаз көлігімен тасымалдаған: Петропавлда коронавируспен ауырған екі насқастың өлімінен соң іс қозғалды
Өзінің өлімін қолдан жасап ойнаған блогер бір жыл өткенде қайтыс болды
Таразда 46 жастағы әйелді ұрлап кетті
Нұр-Сұлтан тұрғыны аяқсыз Эвересті бағындырған әлемдегі алғашқы қыз атанды
Таразда оқ жарақатын алған үш бала ауруханаға жеткізілді
Тоғыз жастағы бала мәйітханаға барар жолда "тірілген"
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою
Қазақ әдебиеті категориясындағы басқа сұрақтар
Мұрат Мөңкеұлы туралы шығарма бар ма?
0
0
0
1
Бану
2 жылы бұрын пайда болды
Жамбыл Жабаевтың «Зілді бұйрық» өлеңінің мазмұны
Жамбыл Жабаевтың «Зілді бұйрық» өлеңінің мазмұны
0
Cайтқа кіру
Ең танымал
Барлық айдарлар
Мақал-мәтелдер
22
Қазақтың салт-дәстүрлері
8
Эссе мен шығармалар жиынтығы
22
Нақыл сөздер
7
Жұмбақтар
1
Білім, ҰБТ
195
Денсаулық
168
Махаббат
19
Мерекелер
24
Тарих
45
Құттықтау тілектер
39
Сценарий
6
Үйлену тойы
13
Дін
121
Кино мен ТВ
0
Ұстаздарға
13
Танымал тұлғалар
91
Қазақ әдебиеті
117
Компьютер және интернет
10
Қазақстанның көрнекі жерлері
9
Әлем бойынша
26
Қоғам және саясат
21
Жануарлар және өсімдіктер
48
Жұлдызнама және жорамал
17
Түс жору
15
Ғылым және техника
21
Сән және сұлулық
54
Заңгерлік кеңес
15
Әртүрлі
116
Қаржы кеңесшісі
11
Ойындар
8
Мұрат ақынның мұралары - "Үш қиян", "Сарыарқа" толғау-поэмаларынан, "Қазтуған", "Шәлгез", "Қарасай-Қази" жырларынан, айтыстарынан, бірнеше толғау-термелерінен, арнау өлеңдерден тұрады. "Үш қиян" мен "Сарыарқаға" халық басына түскен ауыртпалықты арқау етсе, "Қазтуған", "Қарасай-Қази", "Шәлгез" жырларында ноғайлы жұртының аңыздарын өзінше баяндайды. Мұрат ақынның алты ақынмен айтысы ғана сақталған. Ал арнау өлеңдерінің дені би-болыстарға бағышталып айтылған. Сондай-ақ хат түрінде жазылған "Оқудан қайтқан жігітке", "Еліне жазғаны", "Бір досқа" деген үш өлеңі, тойбастар жырлары бүгінгі ұрпаққа жетіп отыр.
Мұрат Мөңкеұлының шығармаларын әр қырынан алып қарауға болады. Қай қырынан көз салсақ та ақын тұлғасы даралана, биіктей түседі. Ол - сөз сайысында алдына жан салмаған, қарсыластарының бәрін де тізе бүктірген ұшқыр ойлы, суырыпсалма айтыскер. Ол - қызыл тілдің майын тамызған суреткер. От ауызды, орақ тілді шешен. Ел тарихын, жер тарихын өте жетік білетін шежіреші.
Халқын сүйген ақынның өміршең шығармалары ұзақ жылдар бойы жартылай ақтаңдақ ретінде бағаланып, жұрт аузына алынбай келді. Мұның себебі Мөңкеұлының отаршылдықты ашықтан-ашық сынап, орыс халқының қазақ жерін жайлай бастауына күдіктене қарауынан еді. Ақиық ақын қоғам үшін "зиянды" саналған "Үш қиян", "Сарыарқа", "Әттең бір қапы дүние-ай" сияқты толғау-дастандары арқылы қазақ жерін отарлаушыларды батыл әшкерелеп, озбыр саясатқа қаймықпай қарсы тұрды. Ата-бабаларының қасық қаны қалғанша қорғаған жерін отарлаушылардың табанының астында таптатқысы келмеді. Ұланғайыр далаға патша үкіметінің өктемдікпен тап беруі Мөңкеұлының ыза-кегін оятты. Патша жендеттеріне деген өшпенділігі кеудесіне сыймай жыр боп құйылды.
Мұрат ақын отарлаудың нәтижесінде өз халқымның асыл қасиеттері жойылып, жас ұрпақ теріс тәрбиеге бейімделіп кетпес пе екен деп қауіптенді. Жаңа қоғамның жаңалықтары мен өзгерістері халықтыың рухани дамуына кедергі келтіріп, қлттық дәстүрлерден ажырап қалмаса екен деп күдік ойлады. Сол себепті торығу, өткенді көксеу сарынымен жырлады.
Қазақ әдебиетінде шығармалары қайшылққа толы күрделі тұлға саналған ақындардың бірі - Мұрат Мөңкеұлы. Мұрат Мөңкеұлы өзі ғұмыр кешкен кезеңдегі ел ішіндегі ахуалды, халықтың басына түскен ауыртпалықты жырға қосты, жұртының жағдайын ойлап қабырғасы қайысты. Ахмет Байтұрсыновтың "ақындық жалғыз өз көңілінің күйін толғай білуде емес, басқалардың да халін танып, күйіне салып толғай алуында" деп тұжырымдағаны сияқты Мұрат Мөңкеұлы да қара басын күйттеген ақын емес, халықтың үні мен елдің мұңын жеткізуші болды.
Жүз жылға созылған зар заман дәуірінің ақындары халықтың басына төнген қайғы-қасіретті сары уайымға салыну, торығу сарынымен жырлады. Әсіресе, Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы өмір сүрген кезең - патшаның отаршылдық саясаты дәуірлеп, қазақ жерінің нағыз талауға түскен шағы еді. Бұл кезде патша өкіметі жаңаша реформалар жасап, қазақ жеріне орыс шаруалары көптеп қоныс аударып жатты.
Зар заман ақындарының көрнекті өкілі Мұрат Мөңкеұлы қазақ жері талауға түсіп, отаршылардың ойранына айналған жылдарда халқына ұран тастады. "Үш қиян", "Сарыарқа", "Қазтуған" толғау-дастандарында ел жағдайы мен жер жағдайын байланыстыра жырлап, ата дәстүрінің үзіліп, ата-қоныстың қадірі кетіп, өлкенің тоз-тозы шыққанын сөз етті.