Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
Шымкентте жаңа қосылған шырша өртеніп кете жаздады (видео)
Құтқарушылар пиротехниканың қаупін іс жүзінде көрсетіп берді
Алматыда жұма намазы кезінде жолды жапқаны үшін 30 адам жауапқа тартылды
"Маған ұсынып, көзімше иіскеп алды": Алматы тұрғыны мефедрон тұтынған такси жүргізушісіне шағымданды
Баланың есімі үшін ажырасуға өтінім берді: Ерлі-зайыпты баласына кім ат таңдайтынын келісе алмаған
Instagram киім мен артқы көріністі өзгертуге болатын жаңа технологияны таныстырды
Жаңа қызметке тағайындалған Серік Жұманғаринге экономикалық өсімді қамтамасыз ету тапсырылды
Қазақстанда интернет алаяқтықтың тағы бір түрі пайда болды
Вице-премьер Серік Жұманғарин ұлттық экономика министрлігін басқарады
Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров қызметінен босатылды
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою
Эссе мен шығармалар жиынтығы категориясындағы басқа сұрақтар
Біржан мен Сара айтысы туралы шығарма бар ма?
0
0
0
0
Ера
4 жылы бұрын пайда болды
«Ұлы саяхатшы- Герадот» тақырыбына эссе жазады.
«Ұлы саяхатшы- Герадот» тақырыбына эссе жазады.
Бағалау критерийі:
Эссе жазады
Эссе құрылымын сақтайды
3 аргумент келтіреді
Дәлелдері жеткілікті
Тақырыпты аша алады
Өзіндік көзқарасы, пікірі бар
Орфографиялық норма
Сауатты жазады
2
Алмас
6 жыл бұрын пайда болды
Саяхаттау дегеніміз не тақырыбына эссе керек еді
Маған саяхат дегеніміз не деген тақырыбқа шығарма керек еді?
Cайтқа кіру
Ең танымал
Барлық айдарлар
Мақал-мәтелдер
49
Қазақтың салт-дәстүрлері
14
Эссе мен шығармалар жиынтығы
23
Нақыл сөздер
7
Жұмбақтар
2
Білім, ҰБТ
207
Денсаулық
191
Махаббат
18
Мерекелер
25
Тарих
54
Құттықтау тілектер
39
Сценарий
6
Үйлену тойы
13
Дін
81
Кино мен ТВ
2
Ұстаздарға
13
Танымал тұлғалар
90
Қазақ әдебиеті
121
Компьютер және интернет
17
Қазақстанның көрнекі жерлері
20
Әлем бойынша
38
Қоғам және саясат
70
Жануарлар және өсімдіктер
58
Жұлдызнама және жорамал
17
Түс жору
17
Ғылым және техника
49
Сән және сұлулық
48
Заңгерлік кеңес
17
Әртүрлі
251
Қаржы кеңесшісі
11
Ойындар
10
Біржан мен Сара айтысы – айтыс өлеңдерінің ішінде көлемді, құнды айтыстардың бірі. Бүл айтыс Сәбит Мұқановтың айтуына қарағанда 1862 жылы, ал А.Жұбанов бойынша 1868 жылы болған.
Айтыстың мәтініне қарасақ, Біржан сал 37 жаста, ал Сара 17 жаста болған екен.
Адымым күні бүгін қалыбында,
Екі жыл отыз беске келгеніме (Біржан).
...Мінекей он жетіге биыл келдім,
Сан жүйрік ілескен жоқ самғағанда... (Сара).
Біржан сал айтысқа дейін әнші, ақын, сал болып, түрлі өнерімен қазақ даласына танымал еді. Сара да өз кезегінде найманның бетке ұстар ақыны болып, көптеген ақындар онымен іздеп келіп айтысқан екен. Дегенмен өкінішке орай, Сараның жазбаша өмірбаяны да, басқа ақындармен айтыстарының текстері де сақталмаған.
Кейбір деректер бойынша, бұл айтыс болмаған, оны Әріп Тәңірбергенов деген ақын ойдан шығарған. Алайда бұл айтысты зерттеушілердің бәрі де (М.Әуезов, А.Жұбанов, С.Мұқанов, М.Ғабдуллин) шынында болғандығын дәлелдейді. Ал Ә.Тәңірбергенов өзі де ақын, айтысты жырлаушылардың бірі болған. Ол айтысқа азды-кем өзгеріс енгізуі де мүмкін. Айтыс басқа айтыстар сияқты дәл сол уақытында қағазға түспеген. Кейіннен өз редакциялауымен Сара айтып береді. Ал сол нұсқаны жаттап айтып, таратушылардың бірі осы Әріп Тәңірбергенов болады. Кейіннен баспаға ұсынған да осы кісі еді.
Жалпы «Біржан–Сара айтысының Октябрь революциясына дейін Қазан баспасынан шыққан екі нұсқасы бар. Бірінші нұсқасын баспаға Шайхисламов Жүсіпбек қожа ұсынғандықтан, ол Жүсіпбек қожа нұсқасы делініп жүр. Ал екінші нұсқаның авторы және баспаға ұсынушысы беймәлім болғандықтан, ол шартты түрде Зайсан нұсқасы деп алынды» [1; 192].
Біржан мен Сара басқа ақындар сияқты амандасудан бастап, ұзақ айтысады. Бұл айтыстың тағы бір ерекшелігі сол – кезеңнің өзекті, келелі мәселелері талданып, терең талқыланады. Негізгі тақырып – әйел теңдігі делінгенімен, мұнда ру тартыстары, басшылардың әділетсіздігі, салт, әдет, жер туралы айтылады.
Айтыстың негізгі қағидасы – қарсыласын қағыту, сөзден жеңу, осал тұсын табу. Мұнда қарсыластар сөзді қалай қолданса да сын емес. Бұл айтыс өнеріне жарасымды. Біржан да, Сара да бұл әдістерді пайдаланады. Алдымен сескендіріп, өзін асыра мақтап, сонысымен қарасыласын тойтарғысы келеді.
Алтын менен күмістің нақысындай
Міні жоқ бізден шығар сөз бедері.
Ақ иық мұзбалақпын жерге түспес,
Кең қолтық арғымақпын алқымы іспес, –
деген Біржан сөзіне дым мүдірместен өзінің де талай жүйріктермен айтысып, жеңгенін айтады:
Арыстан, сал Ниязбек іздеп келіп,
Шошынған жүгірістен танбағанға...
Жанақ та қобызбенен түк қылған жоқ,
Оғай ма сендей сорлы бишараға.
Орынбай іздеп келіп, кеткен қаңғып,
Жеңген жоқ Кеншімбайың о да аңдып, –
дейді.
Өздерін әбден таныстырғасын, ақындар әр рудан мықты-болыстарды, байларды мадақтап жарысады. Арасында бай-болыстардың да әділетсіз тұстарын тілге тиек етеді.
Екі айтыскер де ұзақ айтысып, өздерінің талантты екенін, шебер екенін көрсеткенде, Біржан Сараға риза пейілмен бағалағанын айтады. Әңгіме ауаны Сараның атастырылған күйеуіне ауғанда, Сара шын жеңіледі. Елінің қажысына шағынып, ішіндегі мұңын айтады. Амалсыздан жаманға байланғанын, әйелдің басында бостандық жоғына қамығады. Бұл жалғыз Сараның басындағы хал емес, сол кезеңдегі көпшілік қыздардың зар-мұңы еді.
Біржан да бұған шын күйінеді.
Жиын алдында осы бір әлеуметтік проблеманы жырға қосып:
Закунде зорлық болмас жақсы адамға,
Жақсыны қор қып болмас бір жаманға.
Және де аят пенен хадисте бар,
Жылатып берме деген еш наданға.
Байлаулы бала құстай Сара сорлы,
Жоқ екен осы күні бұдан жаман, – дейді.
Сара ақындық күшінің, өлеңінің кемдігімен емес, шарасыздығынан жеңіліп, Біржанға жолын береді.
Бұл айтыс қазақ айтыс өнерінде ғана емес, қазақ поэзиясында ойып орын алатын шығармалардың бірі. Себебі көркемдігі биік, ақындық тілге бай.
Жорғамын шаршы топта самғайтұғын,
Бәйгі аттай серпінімді шалмайтұғын,
Әнімді он екі звод жіберейін,
Есіңнен өле-өлгенше қалмайтұғын.
Ежелде құлаш мойын көк айылмын,
Ылауға алты күнге талмайтұғын.
Болатпын екі жүзді, жетем құрыш
Шапса да қара тасқа таймайтүғын...
Ой желке, қамыс құлақ, қара көкпін,
Тұнықтан жүзіп ішпей қанбайтұғын (Біржан).
Тамағым жас баланың білегіндей,
Иығым тік сандалдың тірегіндей.
Бет алдым кеудесіндей қоңыр қаздың,
Тал бойым жолбарыстың жүрегіндей.
Бұл қолданыстар күрделі метафора, эпитет пен теңеулердің озық үлгісін көрсетеді. Мұнымен қоса ирония, сарказм да кездеседі. Мәселен:
Құнжиып мінер құла жорға барса,
Келе алмас, ол шірігің қорғаласа,
Рас, бізді масқара қылар сонда
Қорс етіп, «бармаймын» деп үйде қалса.
Кісі емес ел намысын ұққандай-ақ,
Ербиер иесіз тауға шыққандай-ақ,
Жиенқұл күжірейіп келер ме екен
Он мата арқасына тыққандай-ақ.
«Біржан–Сара» айтысы көркемдік, әлеуметтік, тарихи жағынан құнды жауһарлардың бірі, фольклорлық шығармалардың озық үлгісі болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Классикалық зерттеулер: Көп томдық. – Алматы, «Әдебиет Әлемі», 2012. Т.3: Халық әдебиеті үлгілері мен Абай шығармаларының текстологиясы. – 400 б.
2. Классикалық зерттеулер: Көп томдық. – Алматы, «Әдебиет Әлемі», 2014. Т.24: Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. Жоғары дәрежелі оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы. – 408 б.
3. Классикалық зерттеулер: Көп томдық. – Алматы, «Әдебиет Әлемі», 2012. Т.11: Әуезов М.О. Фольклор туралы зерттеулер. – 384 б.
"Біржан мен Сара" айтысы -құрылысы жағынан алсақ та, көркемдік тұсынан асақ та, қазақ ақындары айтысындағы үздігі болып табылады.
Екеуі де - көпшілікке танымал, тарихта қалдырған ізі бар адамдар. Айтыста қос ақын да адамдық және ақындық қырынан көрінеді. Екі ақын да - үздік, өнер саңлақтары. Олар өзінің ғана емес, бірінің-бірі өнерін бағалайды, құрметтейді, сүйсінеді. Айтыс басталғаннан-ақ іркіліп қалмай, екеуі де ірілігін, жүйріктігін байқатады. Сара ақын ақындық өнеріндегі дес бермес жүйріктігін түрлі көркемдік тәсілдер арқылы шебер көрсетеді. "Ұшырған тәрбиелеп ақ тұйғынмын", "Найманда түлеп ұшқан ақиықпын, Сөйлесе май тамызған бұлбұл тілім" деген жолдар ақын қыздың дүлдүл дарынын, асқақтығын дәлелдейді.
Айтыстан саңлақ Сараның басындағы қиындыққа Біржан салдың қатты толғанып, қамыққаны байқалады. Ал Сара Тастанбекқызы Біржан салды аға ретінде қадір тұтып, ақындығын, әншілігін, өнерін, адамдығын аса құрметтейді, жоғары баға береді.
Дарынды қос ақынның айтыстағы шешен сөздері, мәнді сөздері көркемдік тұрғыдан әліге дейін үлгі болып келеді. Ондағы сөздер тұнықтығы, анықтығы, нақтылығы жағынан, көркемдік, сұлулық тұрғысынан қазақ халқының поэзия өнерінің төрінен ойып орын алады.
Сара өз заманында өзгелерден көш ілгері тұрған, жүйрік ақын, өнерлі адам болған еді.
Тек Біржан салмен емес, басқа да ақындармен айтысқа түсіп, озық ойлы өнер иесі екенін дәлелдеп, қатарынан озып, жеңіп отырған.
Бірақ Біржан сал ақынның осал тұсына, жанды жеріне біз сұққандай болады. Біржан сал Сараға тең қылған Жиенқұлды өткір сөздермен сынап-мінейді. Осынысымен-ақ адам басын малға сатқан опасыз адамдарға ашынып, наразы көзқарасын танытады. Ақын Сара да қалыс қалмай, өз басына түскен халді ғана емес, күллі қазақ қызының басындағы қиындықты ашып айтып, іштегі шерін шығарады. Айтысқанда өткір тілді, дарынды Біржан салдан кем түспеген Сара дәл осы Жиенқұл мәселесі көтерілген тұста сөзден жаңылып, мүдіргенінен қыз ішінде жатқан мұң-шерді байқауға болады. Айтыстағы әдетті дәстүр бойынша ақын қыз көпшілік алдында сөзден ұтылғанын мойындайды.
Айтыста көптеген Орта жүздің игі жақсыларының есімдері аталады.
Біржан сал қазақтың дана ақыны хакім Абай туралы жырлап, даралығы мен даналығын тілге тиек етеді. Қазақтың бас ақынының ел алдындағы беделін, әділдігін, адалдығын, жұртының аса құрметтеп, қадірлейтінін сөзіне қосады. Абайдың өз заманы үшін озық білімін ғана емес, кедей-жарлының сөзін сөйлеп, халқына қорғаушы бола білген ерекше қасиетін мақтан етеді.
"Біржан мен Сара" айтысы өз құнын жоғалтпай, ел тарихында, әдебиетінде ұзағынан сақталып қалып, көпке үлгі бола бермек.