Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
"Мен күнде жаман сөздер естимін": Алау Нұртас көпшілікке ренішін жеткізді
"Дәрілер жетіспейді": Белгілі актриса Таня Турлайдың жазбасынан кейін Рудный ауруханасы тексеріске ілікті
Ер адам қызбен кездесу үшін оның тотықұстарын кепілге алып, бопсалаған
Қазақстанда енді техникалық паспорт жоқ: Үй иелері үшін не өзгереді?
"Теріс жолмен жүрген қарақшы": Қайрат Әділгерей Құрманғазы жайлы айтқан сөздері үшін кешірім сұрады
eGov порталында коммуналдық кәсіпорын сайтының орнына онлайн-казиноға сілтеме шыққан
Нұрлан Қоянбаев ауруханаға түсіп қалды
Оралда зейнеткер ақауы бар мотоцикл үшін ақшасын сот арқылы өндіріп алды
Дәрігер "Масленица" мейрамында құймақты шамадан тыс жеудің қаупі барын ескертті
Қазақстандықтар пәтер сатып алуды азайтқан: Сұраныс шамамен 50% төмендеді
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою
Қазақ әдебиеті категориясындағы басқа сұрақтар
Қашаған Күржіманұлының қандай шығармаларын білесіздер? Өмірі туралы не білесіздер?
1
1
1
1
1
Cайтқа кіру
Ең танымал
Барлық айдарлар
Мақал-мәтелдер
49
Қазақтың салт-дәстүрлері
14
Эссе мен шығармалар жиынтығы
23
Нақыл сөздер
7
Жұмбақтар
2
Білім, ҰБТ
207
Денсаулық
191
Махаббат
18
Мерекелер
25
Тарих
54
Құттықтау тілектер
39
Сценарий
6
Үйлену тойы
15
Дін
81
Кино мен ТВ
2
Ұстаздарға
13
Танымал тұлғалар
90
Қазақ әдебиеті
121
Компьютер және интернет
17
Қазақстанның көрнекі жерлері
20
Әлем бойынша
38
Қоғам және саясат
72
Жануарлар және өсімдіктер
58
Жұлдызнама және жорамал
17
Түс жору
17
Ғылым және техника
49
Сән және сұлулық
48
Заңгерлік кеңес
17
Әртүрлі
256
Қаржы кеңесшісі
12
Ойындар
10
Ақынның дін өкілдерін аяусыз шенеп, өнерді қорғаған жырларының озық үлгісі - "Есқали сұпыға айтқаны". Қашағанның "Қуаңдаған қу Бисен", "Мұстахқа", "Домбыраның қақпағы", "Ермағанбет молданы тілдеуі" дейтін өлеңдері де сараңдық пен суайттық сияқты өмірді жүдетер сиықсыз мінездерді сынауға арналған. Ақын "Берекет ақынға", "Сақыпқа айтқаны" толғауларында ізгілікті насихаттап, әдепсіздікті әшкерелейді. Қашағанның Нұрыммен, Бала Оразбен айтыстары білім сынасу ретіндегі сайыстар болса, Ізіммен, Ізбаспен айтыстары - адамгершілік пен ізгілікті дәріптеу.
Қашаған тура да шыншыл, өткір де көркем шығармаларымен халық қадіріне бөленген бұқара жыршысы. Жырау жырлары Октябрьге дейін ел аралап, ауызша тарады. Бірқатар шығармалары алғаш рет "Әдебиет майданы" журналдарында жарияланды. "Адай тегі", "Атамекен", "Топан" атты дастандарында халықтың басынан кешкен қилы заман тарихы сипатталады.
Халық арасына жырлары кең тараған көрнекті суырып-салма ақын - Қашаған Күржіманұлы 1814 жылы Түркімен ССР-і, Ташауыз қаласының маңында туып, негізінен Маңғыстау ауданының "Қырықкез" жерінде өмір сүрген. Он төрт-он бес жасынан жалдамалы еңбекке араласады. Жетімдік пен жоқшылық, жұпыны өмір болашақ ақынның жас жүрегін бұғаулай алмайды. Өмір соққысы жігерлі жасты шыңдап-шынықтырып, өмірге құлшындыра түседі. Жасынан Атырау, Хиуа елдеріне кең тараған жырларды жаттай өскен Қашаған он алты жасынан-ақ ақын атанады. Қашаған бағзы өнерпаздар дәстүрімен көп елді аралаған. Маңғыстау, Хорезм аймағы мен Еділ, Жайық, Жем, Сағыз өзендерін жайлаған елдерде болып, Құрманғазы мен Нұрым, Ақтан мен Мұрат, Бала Ораз бен Қоспақ, Қашқынбай мен Құшмайыр, Өмір мен Ығылман сияқты өнер саңлақтарымен кезедскен. Қашаған бүкіл жырларында бұқара атынан сөйлейді, еңбек адамының адамгершілігін жырлайды, бай мен биді, болыс пен молданы аяусыз шенейді, үстеп тап өкілдерінің екіжұзділігі мен тоғышарлығын, сараңдығы мен сұрқиялық әрекеттерін әшкерелеп, келеке етеді.
Қашаған Күржіманұлы, Қашаған жырау - ақын, жырау, қазақ ауыз әдебиетінің белді өкілі. Ол 1841 жылы Түрікменстан мемлекеті Ташховуз облысы Мырзабасы ауылында дүниеге келген. Небары 16-17 жасында ақын атанады. Атақты қазақ ақынының ауыздан ауызға тараған шығармаларының сақталып, бүгінгі күнге жеткен аз. Бүгінгі ұрпаққа аңыздары мен дастандары жеткен. Олардың ішіндегі ең әйгілісі "Адай тегі", "Атамекен", "Топан". Ақын 1929 жылы дүниеден озған.