Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
Арыстанбек Мұхамедиұлы өткізген тойдағы түрлі-түсті бешбармақ жұртты қызықтырып қойды
Найзағай ойнап, тұман түседі: Қазақстанның алты облысында дауылды ескерту жарияланды
"Қазақстандық тұрғын үй компаниясы" басшысының бұрынғы орынбасарына 72 млн теңге айыппұл салынды
Түркістан облысында перзентхана қызметкерлері әйелдерден ақша талап еткен
"Сіздер білмейтін көп сыр бар": Mad Men тобының мүшелері есірткі сатумен айналысқан әріптестерінің ұсталуына қатысты пікір білдірді
Коронавирустың таралуын тоқтату үшін 10 миллионнан астам қазақстандық вакцина алуы қажет
Маңғыстау облысында карантиндік шаралар күшейтілді
Қазақстандағы ең жемқор органдар аталды
Белгісіз біреу Алматыдағы үш нысанға жарлыш зат қойылғанын хабарлады
Есірткі қылмысына қатысы бар Mad Men тобының мүшелері 15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою
Қазақ әдебиеті категориясындағы басқа сұрақтар
Тәуелсіздік туралы өлеңдер бар ма?
0
0
0
1
Бану
2 жылы бұрын пайда болды
Жамбыл Жабаевтың «Зілді бұйрық» өлеңінің мазмұны
Жамбыл Жабаевтың «Зілді бұйрық» өлеңінің мазмұны
0
Cайтқа кіру
Ең танымал
Барлық айдарлар
Мақал-мәтелдер
22
Қазақтың салт-дәстүрлері
9
Эссе мен шығармалар жиынтығы
22
Нақыл сөздер
7
Жұмбақтар
1
Білім, ҰБТ
196
Денсаулық
168
Махаббат
18
Мерекелер
24
Тарих
44
Құттықтау тілектер
39
Сценарий
6
Үйлену тойы
13
Дін
121
Кино мен ТВ
0
Ұстаздарға
13
Танымал тұлғалар
89
Қазақ әдебиеті
117
Компьютер және интернет
10
Қазақстанның көрнекі жерлері
9
Әлем бойынша
24
Қоғам және саясат
21
Жануарлар және өсімдіктер
48
Жұлдызнама және жорамал
17
Түс жору
15
Ғылым және техника
23
Сән және сұлулық
53
Заңгерлік кеңес
15
Әртүрлі
123
Қаржы кеңесшісі
9
Ойындар
8
Қазақстаным!
Алмат Исәділ
Бір Алла атты теңдессіз ғажап Ұстаның,
Бойына жиған имани тазалық нәрін.
Төріңе қанша төнсе де қара дұшпаның,
Болашағы үшін бастарын бәйгеге тігіп,
Қорғады сені серт беріп сан Арыстарым –
Қазақстаным!
Төндіріп тағы басыңа қара бұлттарын,
Тарихтан білем ұлтымның жан ауыртқанын.
Ұрпақтарыңның былғаған балалық шағын,
Қариялардың ұрлаған даналық шамын,
Замандар да өтті-ау, жататын тоналып бағың –
Қазақстаным!
Өмір-өзеннің бұлқынған долы ағыстарын,
Елең де қылмай, еңкеймей, алабұртпадың.
Қап-қара жерге қып-қызыл көп ағып қаның,
Ақырып теңдік сұрап ең, Алашыңды айтып,
Ақыры келіп қолыңа жалау ұстадың – Қазақстаным!
Босатып тордан, зарыққан дала құстарын,
Алдыңнан атты нұр шашып, ағарып таңың.
Соның үшін де қолыма қалам ұстадым...
Жүрегімменен жүремін үнемі сезіп,
Бойыңда сенің асқақ рух, дара күш барын –
Қазақстаным!
Диалог
Қалмаханбет Мұқаметқали
– Көңіл пердесін аштым ба түріп,
Көкжиек көрінді нұрлы?..
– Көгілдір аспанның астында тұрып,
Көтердім көгілдір Туды!
– Кезген бір тылсым Даланы мәңгі,
Кие боп кеудеме енді ме?
– Көгілдір туға оранып алды,
Күн күліп сәулеленді де!
– Керуен жолдан мың адасыпты,
Көнерген жылдар аңсар боп...
– Көзұшындағы Қыран да асықты,
Көгілдір туға қонсам деп!
– Көңіл пердесін аштым ба түріп,
Көкжиек көрінді нұрлы?..
– Көгілдір аспанның астында тұрып,
Көтердім көгілдір Туды!
(Көркем бір бейне кетер деп үнсіз,
Көкіректе әуен үздікті...)
– Көгілдір туды көтерген... кімсіз?
– ТӘУЕЛСІЗДІКПІН!!!
Көк тудың желбірегені
Алмас Ахметбекұлы
Көк тудың желбірегені
Қазақтың асқақ беделі.
Махаббат, қайрат екеулеп,
шымырлатқаны денені.
Көк тудың желбірегені –
жаныма қуат береді.
Таласқа түссе жан мен ту
жан емес
маған керегі –
Көк тудың желбірегені.
Көк тудың желбірегені –
елдіктің асқақ өлеңі,
әр жаққа тартпай, Қазағым,
бір сөзге жинал дегені.
Көк тудың желбірегені –
бақыттың елжірегені,
қиырда қалған Қазақтың
Азат Отанға жете алмай
көзінің мөлдірегені.
Тәуелсіздік
Қалқаман Сарин
Еркіндігім.
Қасиеттім.
Қастерлім.
Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң!
Кеше сенің келбетіңді арман ғып,
Боданына бұғауландық басқа елдің.
Бабалардың басын тігіп бәйгеге,
Аналардың жанарына жас бердің!
Уа, Еркіндік,
қош келдің!
Өзегімді өртке ораған қоғамда,
Өз үйіме өзім өгей болам ба?!
Алшаң басып жүре алмаса алты алаш
Азаттығым! Қадірің де жоқ онда!
...Саған жету қиын болса қаншалық,
Сақтап тұру қиынырақ одан да!
Алла берген азаттықтың әр сәті-
Аманат қой
Маған,
Саған
Оған да!
Саясатқа сермей алмай семсерді,
Езгі күнге тері қылдым еңсемді!
Желтоқсанда жалын атып жастығым,
Құрсау болған темір қоғам теңселді!
Есте даңқы қыршындардың қалды ма,
Сексен алты ерлігім бе-ей, ең соңғы!?
Уа, еркіндік,
Құның немен өлшеңді!?
Уа, еркіндік!
Құның немен өлшенді?!
Сені көксеп
Боздақтарым өлсе өлді!
Сенсің менің ең ғажайып өлеңім,
Ең шуақты,
Ең шырайлы,
Ең шерлі!
Әр таңыңды сүйіншілеп тұрайын-
Құдай берген ғұмырымда өлшеулі!
Желтоқсан тағлымы
Мұхтар Шаханов
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,
Айналайын, жас қайратым, жас өркені халқымның!
Қайырмасы:
Арманыңның атын,
Жігеріңнің отын
Өшіре алмас асау желі уақыттың.
Егер кім қанша
Уайымсыз болса,
Нақ сол адам құнын білмес бақыттың.
Темір қолдар қуатты еді алқымыңды қаусырған,
Намысыңды жықпай өттің нәубет, дүлей маусымнан.
Жалғыз қалған шақтарымда жігер алдым бойыма
Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар даусыңнан.
Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жаққан алауы.
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!