Соңғы жаңалықтар

Сұрақтар мен жауаптар

Мадияр

Ауыл туралы тақпақтар бар ма?

Талқылау

Пікір

Гаухар
02 Желтоқсан, 16

Сенде өстім сенде жүрдім ауылым,

Маған қымбат нөсерлеткен жаңбырың.

 Жүрегіме әсерлеткен ақ желің,

Мәңгілікке сенсің енді ән жырым.

Сенде өтті ең қызықты әр күнім,

Сайрады сенде бау бақта бұлбұлым.

Жайылмамсың менің ата мекенім,

Мен сені мәңгілік мақтан етемін.

Бүгінде жағалап жүргім келіп тұр,

Қара таудың гүл жайнаған етегін.

Сен менің ауылым алтын бесігім,

Өзіңе сай ғой жайылма есімің.

Көктемде аңқиды көк жусаның.

Шырайлым
02 Желтоқсан, 16

Ауыл маңы саз, саз, саз. 

Жайылады қаз, қаз, қаз. 

Жем шашсаң, мәз, мәз, мәз. 

Тоймай қалса қаз, қаз, қаз. 

Шашқан дәнің аз, аз, аз. 

***

Біздің ауыл
Біздің ауыл тамаша!
Көз тоймайды қараса...
Ағып жатыр өзені,
Жағасына өскен көп қамыстар аласа.
Әйтеке би атамыздың,
Есімімен аталған.
Қаздай болып тізіліп,
Әдемі үйлер салынған.
Мешіт те бар ауылда,
Саябақ бар тағы да,
Өзге ауылға бара қалсам,
Тез қайтамын ауылымды сағына.
Өскенде мен ауылыма,
Үлкен үйлер саламын.
Сосын оны жырлауға,
Дайын әркез қаламым.

 

Қазақ әдебиеті категориясындағы басқа сұрақтар
1
Аида

Алғашқы қазақ романы қандай?

1
Бейбіт

Тайбурыл қай батырдың тұлпары?

1
Ұлпан

"Абай жолы" романының авторы кім?

1
Арман

Ыбырай Алтынсарин қай жылы дүниеге келді?

 

 

1
Наз

"Әліпби", "Тіл құралы" еңбектерінің авторы