Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
Навальныйдың ұсталуы теңгеге қалай әсер етеді - Сарапшылар пікірі
Қазақстандық 75 жастағы қария өз махаббатын іздейді
Тіл тартпастан кеткен: Семейде 17 жастағы жігіттің көпірден секіргені байқаусызда видеоға түсіп қалған (видео)
Тараздық тұрғын дәрігер-офтальмологтар көзімді ағызып жіберді деп шағымданды
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тиесілі жердің қанша бөлігі, кімдерге сатылып кеткен?
Қазақстандықтардың медсақтандыру қорының жұмысына көңілдері толмайды
Елімізде жаңадан үш партия құрылады
Ресейде Навальныйды қолдау үшін акцияға шыққандарды қауіпсіздік қызметкерлері күштеп ұстап жатыр
Қазақстанның 6 өңірі "қызыл" аймақта тұр
Отандық коронавирус вакцинасы қашан дайын болады?
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою
Қазақ әдебиеті категориясындағы басқа сұрақтар
Желтоқсан оқиғасы туралы өлеңдер бар ма?
0
0
0
1
Бану
2 жылы бұрын пайда болды
Жамбыл Жабаевтың «Зілді бұйрық» өлеңінің мазмұны
Жамбыл Жабаевтың «Зілді бұйрық» өлеңінің мазмұны
0
Cайтқа кіру
Ең танымал
Барлық айдарлар
Мақал-мәтелдер
22
Қазақтың салт-дәстүрлері
5
Эссе мен шығармалар жиынтығы
21
Нақыл сөздер
7
Жұмбақтар
1
Білім, ҰБТ
197
Денсаулық
168
Махаббат
19
Мерекелер
21
Тарих
45
Құттықтау тілектер
43
Сценарий
7
Үйлену тойы
14
Дін
121
Кино мен ТВ
8
Ұстаздарға
16
Танымал тұлғалар
95
Қазақ әдебиеті
120
Компьютер және интернет
11
Қазақстанның көрнекі жерлері
9
Әлем бойынша
27
Қоғам және саясат
22
Жануарлар және өсімдіктер
48
Жұлдызнама және жорамал
17
Тағам рецептері
52
Түс жору
12
Ғылым және техника
21
Сән және сұлулық
57
Заңгерлік кеңес
15
Әртүрлі
109
Қаржы кеңесшісі
12
Ойындар
8
(Алаңдағы ой. Жалғасы)
Мұһмін болып туылып,кәпір болып шоқындым,
Жатырында жалғанның жадігой боп жетілдім.
Күнім үшін күлік жеп алаңғасар күн кешпей,
Атой салып алаңда өлмегеніме өкіндім.
«Еркек тоқты құрбандық»-екендігін ұғынбай,
Бас сүйек пен қан ішкен ғасырларда туылмай.
Ділім тозып тіл шайнап,өз-өзімнен жерідім,
Өрітке оранған кешегі рухыммен жылынбай.
…Құтылғаным осы ма баста қарғыс құрсауым,
Мен отырмын тастағы тарихыма мұң шағып...
Ырысбек Дәбей
Алаңдағы ой
«Қалың елім қазағым», жасқа толып жанарым,
Үрей билеп есірген сұлап жатыр алаңым.
Желтоқсанның желіккен желі сүйіп тұр үнсіз,
Еркіндіктің еңсегей көкке асылған жалауын.
Шашын жайып жылайды бір елестің сұлбасы,
Азаттығымды аңсаған көк бөрінің тұлғасы.
«Жеті басты жалмауыз жерге кіріп кеткен»-деп,
Мінбелерден сөйлейді ауық-ауық бір басы.
Ұл-қызымның төгілген обалы мен сауабы,
Елдігімнің ертеңге айтар жалғыз жауабы.
Талықсыған бір үнді естіп жатып оянам,
Қобызымның кетеді мұңға толып шанағы.
Желтоқсанның желі, аязы, ызғары
Қанды мұзда талай қазақ сыздады.
Ұлт қамы үшін шыққан сол күн алаңға
Азап шекті қайсар қазақ қыздары.
Талай қазақ қыздарын да тоңдыра,
Талай қазақ гүлдерін де солдыра,
Ел билеуге алып келді Колбинді
Қазақ ұлы Қонаевтың орнына.
Егемендік – бұл елімнің елдігі,
Егемендік – барлық ұлттың теңдігі.
Егемендік – елін, жерін қорғаған,
Ербол менен Қайраттардың ерлігі.
Желтоқсаным – тәуелсіздік тірегі,
Желтоқсанды қадір тұтып тұр елі.
Есте сақтап ағалардың ерлігін,
Жүректерге сақтау керек үнемі.
Желтоқсан тағлымы
Мұхтар Шаханов
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,
Айналайын, жас қайратым, жас өркені халқымның!
Қайырмасы:
Арманыңның атын,
Жігеріңнің отын
Өшіре алмас асау желі уақыттың.
Егер кім қанша
Уайымсыз болса,
Нақ сол адам құнын білмес бақыттың.
Темір қолдар қуатты еді алқымыңды қаусырған,
Намысыңды жықпай өттің нәубет, дүлей маусымнан.
Жалғыз қалған шақтарымда жігер алдым бойыма
Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар даусыңнан.
Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жаққан алауы.
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!