Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
18 рет пышақ тыққан: Оралда ТКШ-ның бұрынғы қызметкері әйелін өлтірді деген күдікке ілінді
"Қудалауды бастады": БҚО-да мектеп меңгерушісі Tik-Tok түсіргені үшін жұмысынан қуылды
Көптоғайда орнатылған шекара қоршауларын қайта бұзып тастады: Желіде видео тарады
Ashyq қосымшасында "қызыл" мәртебеге ие қазақстандықтарды қандай жаза күтіп тұр
6 науқастан Уаз көлігімен тасымалдаған: Петропавлда коронавируспен ауырған екі насқастың өлімінен соң іс қозғалды
Өзінің өлімін қолдан жасап ойнаған блогер бір жыл өткенде қайтыс болды
Таразда 46 жастағы әйелді ұрлап кетті
Нұр-Сұлтан тұрғыны аяқсыз Эвересті бағындырған әлемдегі алғашқы қыз атанды
Таразда оқ жарақатын алған үш бала ауруханаға жеткізілді
Тоғыз жастағы бала мәйітханаға барар жолда "тірілген"
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою
Мерекелер категориясындағы басқа сұрақтар
Балабақшада Наурыз мейрамын қалай атап өтуге болады?
0
1
1
1
3
Cайтқа кіру
Ең танымал
Барлық айдарлар
Мақал-мәтелдер
22
Қазақтың салт-дәстүрлері
8
Эссе мен шығармалар жиынтығы
22
Нақыл сөздер
7
Жұмбақтар
1
Білім, ҰБТ
195
Денсаулық
168
Махаббат
19
Мерекелер
24
Тарих
45
Құттықтау тілектер
39
Сценарий
6
Үйлену тойы
13
Дін
121
Кино мен ТВ
0
Ұстаздарға
13
Танымал тұлғалар
91
Қазақ әдебиеті
117
Компьютер және интернет
10
Қазақстанның көрнекі жерлері
9
Әлем бойынша
26
Қоғам және саясат
21
Жануарлар және өсімдіктер
48
Жұлдызнама және жорамал
17
Түс жору
15
Ғылым және техника
21
Сән және сұлулық
54
Заңгерлік кеңес
15
Әртүрлі
116
Қаржы кеңесшісі
11
Ойындар
8
Балабақшада Наурыз мейрамын атап өтуге арналған іс-шаралар
Мереке жүргізушінің қуанышты күн, көктем күні, бейбітшілік пен береке күні Наурыз мейрамының келгенін жариялауынан басталады.
Бұдан кейін балалардың бірі Наурыз мейрамы міндетті түрде күлкі үні ғана сыңғырлайтын бақытқа толы күн екенінен хабар беріп, әр отбасына бақыт, шаттық, тыныштық тілейтін өлең жолдарын оқиды.
Әр бала мейрамның мағынасын түсініп, оған құрметпен және сүйіспеншілікпен қарау үшін әрқайсысы да мерекенің аталып өту барысынан қалыс қалмауы керектігін түсінуіміз керек. Балалардың бірін қалдырмай, барлығына өлең оқу, көрініске қатысу, өлең айту, би билеу сияқты шараларды бөліп беру керек.
Одан әрі қыз балалар шығыс биін билейді. Енді балаларға мейрамның тарихы мен мағынасын, бұл күннің тек мереке ғана емес екендігін, сонымен қатар туған жеріңе сүйіспеншілік танытып, ағаш отырғызып, бұлақ көзін ашып, үйіне де тазалық орнататын күн екенін түсіндіруіңізге болады. Осы арада құрамына 7 түрлі азықтық заттар қосылып жасалынатын дәстүрлі тағамымыз «Наурыз көже» жайлы, мейрам кешінде міндетті түрде ақындар айтысы, ән-жыр орын алатындығы туралы айта кеткеніңіз жөн.
Әрі қарай Наурыз мейрамының келуінің жай-жапсарын ұғындыратын көрініс қойылады. Көріністе қыз бала мен ұл баланың қатысуы арқылы қыс пен көктем мезгілінің арасындағы күрес көрсетіледі.
Әрине, жыл мезгілдерінің жаманы жоқ. Бірақ қыс мезгілінде жұт болып, халық ашаршылыққа ұшырағандықтан, бұл мезгіл көшпенді халықтар үшін жау іспеттес болған. Осы себепті де, көшпенді халықтардың жақсы өмір сүруі үшін мамыражай көктемді жеңгіземіз.
Көктем жеңгенде қуанып, ән айтып, би билеуге болады. Ортаға әнші шығып, бүлдіршіндермен бірге Наурызды қарсы алуға арналған өлең айтады.
Мерекеде ойналатын ойындар қатарына балалар белсендік танытып қана қоймай, мейрамның мән-мағынасын ашуға бағытталған ойындар таңдап алынады.
Бірінші кезекте бүлдіршіндерді қырағылыққа үйрететін ойын ойналады. Ол үшін балалар кезектесіп допты шеңберге немесе алдын ала дайындалған нысанаға лақтырады.
Ал балаларға қазақ дәстүрлерін үйрету үшін, зейінділіктерін дамытуға арналған ойын түрін қолданамыз. Ойын барысында балалар айтылған пікірлерге келісетін болса қол шапалақтап, келіспейтіндіктерін жер тепкілеп білдіреді. Мысалы, жүргізуші: «Хачапури - қазақтың ұлттық тағамы»,- десе, балалар жер тепкілеу керек.
Мереке бүлдіршіндерге Наурыз мейрамына тән дәстүрлі тағам түрлерін үлестірумен аяқталады.