Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
Көлікті қыздыруға 5 минут жеткілікті – Министр Нысанбаев
Қазақстанда биыл дәрі 25%-ға дейін арзандайды – Денсаулық сақтау министрлігі
"Бір-бірімізді сүйетінімізді сеземін": Нұрсұлтан Жақсыген бұрынғы жұбайына жантебірентерлік жазба жариялады
"433 теңгеден сатып алдым": Сауда министрлігі Қазақстандағы картоп бағасының өсуіне пікір білдірді
"Жаңа жыл алдында көңіл күйді түсіргіміз келмеді": Министрлік елімізде ұялы байланыс тарифтерінің өсетінін мәлімдеді
"Сен ән айтпай-ақ қой": Жұлдызай Дүйсенбиева өзін қаралайтындарға жауап берді
"Жүктеп алып, бос уақытымда ойнаймын": Премьер-министр қазақ ойынына қызығушылық танытты (видео)
"Ешкім кепілдік бере алмайды": Қорғаныс министрлігінің өкілі әскердегі сарбаздардың жағдайы туралы
Маңғыстауда қаза тапқан сарбаз Марат Барқұловтың өлімі бойынша кімдер жазаланды
"21 жыл бұрын, 18 жасымда келдім": Мөлдір Әуелбекова алғаш Алматыға келген сәтін есіне алды
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою
Эссе мен шығармалар жиынтығы категориясындағы басқа сұрақтар
Достық-асыл қасиет эссе бар ма?
0
0
0
0
Ера
4 жылы бұрын пайда болды
«Ұлы саяхатшы- Герадот» тақырыбына эссе жазады.
«Ұлы саяхатшы- Герадот» тақырыбына эссе жазады.
Бағалау критерийі:
Эссе жазады
Эссе құрылымын сақтайды
3 аргумент келтіреді
Дәлелдері жеткілікті
Тақырыпты аша алады
Өзіндік көзқарасы, пікірі бар
Орфографиялық норма
Сауатты жазады
2
Алмас
6 жыл бұрын пайда болды
Саяхаттау дегеніміз не тақырыбына эссе керек еді
Маған саяхат дегеніміз не деген тақырыбқа шығарма керек еді?
Cайтқа кіру
Ең танымал
Барлық айдарлар
Мақал-мәтелдер
49
Қазақтың салт-дәстүрлері
14
Эссе мен шығармалар жиынтығы
23
Нақыл сөздер
7
Жұмбақтар
2
Білім, ҰБТ
207
Денсаулық
191
Махаббат
18
Мерекелер
25
Тарих
54
Құттықтау тілектер
39
Сценарий
6
Үйлену тойы
13
Дін
81
Кино мен ТВ
2
Ұстаздарға
13
Танымал тұлғалар
90
Қазақ әдебиеті
121
Компьютер және интернет
17
Қазақстанның көрнекі жерлері
20
Әлем бойынша
38
Қоғам және саясат
70
Жануарлар және өсімдіктер
58
Жұлдызнама және жорамал
17
Түс жору
17
Ғылым және техника
49
Сән және сұлулық
48
Заңгерлік кеңес
17
Әртүрлі
251
Қаржы кеңесшісі
11
Ойындар
10
Сол сәтте нағыз достықтың қаншалықты құнды екенін түсіне бастайды. Досты лотореядан ұтып алуға немесе жай ғана көшеден тауып алуға болмайды. Әрине, достықтың да сыннан өтер кезі болады. Бір сәтте құрылып, бірден нығая түседі деп ойласаңыз, қатты қателесесіз. Оның үстіне дос бола білу қасиеті барлық адамға бірдей берілмеген. Ол өте нәзік ғылым. Кей өркөкірек, өзімшіл адам өзгелерді сыйламайды. Себебі, олар тек өздерін ойлап, үнемі бірінші орында жүруді ғана ойлайды. Мен үшін достық өте маңызды. Жұлдыз, Арай есімді құрбыларымды шексіз жақсы көремін. Олар менің өмірімдегі ең қымбат, ең құнды жандар. Мен оларды жоғалтып алғым келмейді.
Достық-ең ұлы сезім.Дос болу да оңай деп айту өте қиын.Достық жүргег жерде ешқашан жамандыққа жол жоқ.
Достық – әрбір адам өміріндегі маңызды қарым-қатынас. “Жаңа екі достан, ескі бір дос артық” деген жақсы сөз бар. Достық барлық адамға қажет. Тіпті, жалғыздықты ұнататын жандарға да. Кішкене бүлдіршіннен бастап, еңкейген қарияға да, бай-бағландар мен тақыр кедейлерге де дос керек. Бұл тізімді ұзақ-сонар жалғастыра беруге болады.
Достық ортақ қызығушылық, түсінісу, сенім сынды қасиеттер негізінде құралады. Әңгімесі таусылған адамдар дұрыс қарым-қатынас құра алмайтындары анық. Уақыт өте келе адамдар жан-дүниесіндегінің барлығын шығарып, сырлас іздейді. Мұндай сәттерде достардың болмағаны өте жаман. Оның үстіне тек жақын достарыңа ғана айта алатын сырларың болады. Ең бастысы, осы сырды досың өзгелерге айтпайды. Жадында құнды қазынадай сақтап қояды.
Нағыз дос өзін бірінші орынға қойып, айналасындағыларды өзінің әңгімесін тыңдауға мәжбүрлейді деп ойласаңыз қатты қателесесіз. Ол өзінің жан сырын ақтарып қана қоймай, сізді де ден қойып тыңдайды. Уақытты көңілді өткізіп, қатар отырып түрлі фильмдер қарай аласыздар. Досты тек қайғыда емес, қуанышта да танисыз. Өкінішке орай, көп адам достық атты ұлы сезімді бағалай бермейді. Бірақ… Олар күндердің бір күнінде жанына жақын адам іздеп шарқ ұрады.
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев:
"Достыққа жүрмін, достыққа жүрмін құмартып,
Өлгелі жүрмін өзіме-өзім мін артып",- дейді.
Қарап отырсақ, достыққа шөлдеген, достықты аңсаған ақын өзгеден мін іздеп, өзгеге кінә артпайды. Өзгеге талап қоймастан бұрын, өз жанына үңіліп, өзінің қандай дос бола аларын ойлаған ақын өлеңіндегі дәл осы жолдар жоғарыдағы ойымызды қуаттай түседі.
Адамның күні адаммен болғандықтан, кіммен де болсын қарым-қатынасқа бей-жай қарауға болмайды. Мұнда да зор жауапкершілік қажет. Досына қарап адамды танитынын ескерсек, адам өзі қандай болса, дәл сондай адамға ұшырасады, дәл өзіндей адамды жақын тартады. Сондықтан нағыз дос іздесеңіз, өзіңізді-өзіңіз кемелдендіруге тырысып, ұдайы рухани өсу үстінде болып, өзгенің сізге емес, сіздің өзгеге нағыз дос бола білуіңізді ойлау қажет.
Дос - адам жанының айнасы тәрізді. Себебі адам өзі қандай болса, дәл сондай жанына жақын жанды іздейді. Ойы, арман-тілегі, мақсат, ең бастысы өмірдегі құндылығы бір адамдардың шынайы дос болып, өмір бойы араларынан қыл өтпейді.
Адам баласынан досының қандай болғанын қалайтынын сұрасаң, талап-тілектерін тізіп сала береді. Алайда дәл осы талаптарға өзі жауап бере ме? Дәл өзі ондай мінсіз, адал досқа лайық па? Өкініштісі сол, оны ойлай бермейді. Досыңа талап қоярдан бұрын, ең алдымен өзіңнің қандай дос бола алатыныңды ойлау керек. Досқа қояр талаптарды алдымен өзіне қоя білген адам өзі де біреуге шынайы дос бола алмақ.
Адамдардың арасындағы қарым-қатынастың іргетасы - адалдық. Өзің адал болмай, өзгеден адалдықты күту бекершілік. Достықта да адалдық болмаса, ол мәңгілікке ұласа алмайды.