Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Гибкий камень қандай қоспалармен жасалады?

Гибкий камень Иілгіш тасты қандай қоспалармен жасалады ? ақпаратардың бәрі орыс тілінде жазылған нақты түсінікті ақпарат берсеніз дер
Талқылау
Пікір
Айдын
03 Шілде, 18

Иілгіш тасты жасауға қажетті құралдар:

  • мәрмәрлі немесе ұсақ түйіршікті кварцты құм (елеуіштен өткізілген)
  • құмға арналған бояғыштар
  • акрилді латекс
  • Полиэтиленді үлдір
  • шере немесе OSB
  • минералды шикізатты бояуға және сақтауға арналған ыдыс
  • шыны 1х1 м.

Иілгіш тасты дайындау жолдары:

  1. Полиэтиленді үлдірге латекстік негізді бірнеше милимметр қалыңдықта жағып шығыңыз.
  2. Шерені немесе OSB-ны тік қалыпта қойып, оған латекстік негіз жағылған үлдірді бекітіңіз.
  3. Қалыңдығы 10 милимметрге жетпейтін тақтайшалар арқылы шыныны тік қалыпта ұстатып қойып, оны скотчтың көмегімен бекітіңіз.
  4. Бұл пішінге құйғыш орнатылған түтікті барынша терең орналастырып, шыны мен жабысқақ негіз арасындағы кеңістікті кварцті немесе мәрмірлі құммен толтырыңыз. Бұл ретте әр түрлі түстерді кезектестіру арқылы толтырсаңыз болады. Ал шыны арқылы қандай өрнек шыққанын көре аласыз. Кеңістіктің толтырылу процесін бақылау үшін, пішіннен алыстап, шыны арқылы қандай өрнектер пайда болғанын қарап қойыңыз.
  5. Артынша латекстің кепкенін күтіңіз. Мұнан кейін пішінді алып тастаңыз. Өз кезегінде желімді негізге жабыспай қалған құм өздігінен түсіп қалады. Осылайша ою-өрнекті иілгіш тас жасай аласыз.
категориясындағы басқа сұрақтар