Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
"Аспаннан күл түсіп, көзді ашытты": Лос-Анджелестегі қазақтар өрттен кейінгі жағдайды айтып берді
Журналист Нұрсұлтан Құрман Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі болды
"Мен ол кезде еңбек демалысында болдым": Экология министрі Сатпаевтағы қара қар үшін кім жазаланғанын айта алмады
Қазақстанда екі жылдан кейін жаңа ұялы байланыс операторы пайда болмақ
"Әйелдердің үнін өшіргісі келеді": Алматылық фембелсенділер әкімдіктің әйелдер шеруіне 15 рет рұқсат бермегеніне наразы
"Йоу, орыстар" әнінің авторына іздеу салынған": Алматы полициясы Темірлан Еңсебектің ісі бойынша мәлімдеме жасады
"Қыздыруға 5 минут жеткілікті": Министр Нысанбаев өз көлігімен тәжірибе жасап көрмек
Қазақстанда биыл дәрі 25%-ға дейін арзандайды – Денсаулық сақтау министрлігі
"Бір-бірімізді сүйетінімізді сеземін": Нұрсұлтан Жақсыген бұрынғы жұбайына жантебірентерлік жазба жариялады
"433 теңгеден сатып алдым": Сауда министрлігі Қазақстандағы картоп бағасының өсуіне пікір білдірді
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою
Танымал тұлғалар категориясындағы басқа сұрақтар
Зейін Шашкин өмірінен қызықты деректер, отбасы жайында деректер керек
1
0
1
Рауан
6 жыл бұрын пайда болды
Мырзағали Айтжановтың қазақ тілінде өмірбаяны бар ма?
Мырзағали Айтжановтың өмірбаяны
2
1
Cайтқа кіру
Ең танымал
Барлық айдарлар
Мақал-мәтелдер
49
Қазақтың салт-дәстүрлері
14
Эссе мен шығармалар жиынтығы
23
Нақыл сөздер
7
Жұмбақтар
2
Білім, ҰБТ
207
Денсаулық
191
Махаббат
18
Мерекелер
25
Тарих
54
Құттықтау тілектер
39
Сценарий
6
Үйлену тойы
13
Дін
81
Кино мен ТВ
2
Ұстаздарға
13
Танымал тұлғалар
90
Қазақ әдебиеті
121
Компьютер және интернет
17
Қазақстанның көрнекі жерлері
20
Әлем бойынша
38
Қоғам және саясат
70
Жануарлар және өсімдіктер
58
Жұлдызнама және жорамал
17
Түс жору
17
Ғылым және техника
49
Сән және сұлулық
48
Заңгерлік кеңес
17
Әртүрлі
251
Қаржы кеңесшісі
11
Ойындар
10
Зейін Шашкиннің жары Мариям Шашкинаның естелігі
Зекеңнің жүріс-тұрысы, мінезі өте жақсы болды. Ол кісі қиыншылықты көп көрген адам ғой. Репресияға ұшырап, сонда тергеушілердің ұрып-соғып қинамағаны, көрсетпеген қорлығы жоқ. Қабырғасын сындырып, тісін қағып алған. Сонда да қайтпай, кінәні мойындамаған жан болыпты. «Совет кезінде өстім, оқыдым, менен қандай «халық жауы» шығады» деп тайсалмай жауап қатқан. Ешбір мойындата алмаған соң, не істерін білмей, жазалаушы жүйе Зекеңді 17 жылға соттап, Колымаға айдаған. Семейдің педагогикалық институтына кафедра меңгерушісі болып қызметте жүрген уақыты еді, НКВД жендеттері дәріс кезінде қолына кісенді салып, студенттерінің көзінше алып кеткен. Өтебай Тұрманжановпен, М. Қаратаевпен бірге түрмеде болған. Зекең өте балажанды адам болды дедім ғой. Осы Гүлжан дүниеге келгенде оған ешкімді жолатпайды, ешкімге көрсетпейді. Қызық болды мінезі (күлді). «Көз тиеді» дегенді шығарып, жан баласын жуытпайтын. Балаға беретін су, басқа да сусынды алақанын құйып, температурасын сонымен өлшейтін. Олай істемесе, балаға сусын бергізбейтін.
Зейін Шашкиннің жары Мариям Шашкинаның естелігі:
Кенжем Сабырға «сен менің баламсың» деп түсіндіріп, құлағына құйып отыратын. Осы ұлды Зекең өзінің тегіне жаздырып қойды, жұмыстары шығып қалса, жұмсап, туған баласындай көрді. Зекең қайтқанда ол өгей әке деп қарамай, қайғырды. Бұл Зекеңнің жақсы әке бола алуынан ғой деп ойлаймын. Ал үлкен ұлды «сенің әкеңнің атына жазайық, оның ұлы болмаған екен» деп отыратын марқұм. Тағы бір ұлды «өз әкесі де бір елдің азаматы ғой, соның тегінде қалсын» деп бәрін қарап, реттеуге ниеті болған еді». Алайда апай осы бір өкінішін де жасырмады: ұлдардың тегін ауыстыру үшін жүргелі отырған жазушыны әлдебір шаруалармен тоқтатып, жолына бөгесін болыпты. Енді қарап отырса бәрі кеш, тек кіші ұлы Шашкин болып өзгерген де, қалғандары жоғарыды айтылғандай болмай шығады. Апай: «Бұл менің кінәм еді» деді. «Ал өзіміздің ортақ қызымыз Гүлжан әкесінен бір жарым жасында қалды. Нағыз Шашкина осы.
Зейін Шашкиннің жары Мариям Шашкинаның естелігі:
Зейінді мен Зекең деймін. Онымен отасқаныма көп болған жоқ. Бұрынғы күйеуім соғыстан оралған соң, ауыр жарақатынан қайтыс болды да, мен төрт баламен қалдым ғой. Осындай мазасыз шақтарда өмірімде Зекең пайда болды. Менің бір дос құрбым Зекеңнің жиен қарындасы болып шықты. Сол әйел Зейінді үйге алып келді, ол есіктен кіре сала мені көріп қарындасына: – Мәке, енді мені ешкімге таныстырмай-ақ қойыңыз, – деді. Бұған дейін біраз қыздармен таныстырған болуы керек, ешқайсысы ұнатпапты. Тек мені көргенде таңдаған кісіне жолыққан болып шығады.
Бізді осылай тағдыр қосты. Бұрын тек төрт баланың қамымен үйде отырып қалған басым жаңа өмірге қайта ендім. Жағдайым түзеле бастады, әдеби кештерге, ғылыми ортаға келдім, небір айтулы адамдармен араластық. Зекең орта бойлы, арықша келген адам болатын. Мінезі де керемет еді ғой жарықтықтың. Ешкімге дауыс көтеріп көрмеген адам, әсіресе ол кішкентай балаларды қатты жақсы көрді. Тіпті балалардың өз орны бар деп үлкен кісілерше ақылдасып, сөйлесетін. Менің басқа күйеуден көрген балаларымды өзінің қанынан жаралмаса да, өте жақсы қарады.
Зейін Шашкин өмірінен қызықты деректер