Соңғы жаңалықтар
Сұрақтар мен жауаптар
Әмина

Мәйіттің басына топырақ салу дұрыс па?

Пікір
Айдарбек
02 Маусым, 16

Хадис кітаптарында мынадай риуаяттар кездеседі:

Сахаба Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте: «Алланың елшісі жаназа намазын оқығаннан кейін, қабірге келіп, (қабірдің) бас жағына  үш рет (үш уыс) топырақ лақтырды», - делінген.

Сондай-ақ, сахаба Амир ибн Рабиъа риуаят еткен хадисте де: «Пайғамбар (с.а.у.) Усман ибн Мазъунның жаназасын төрт тәкбір келтіріп оқыды. Қабірге келгенде (қабірдің) бас жағына тұрып үш уыс топырақ лақтырды», - делінген.  

Осыған орай, кейбір кітаптарда, мәйіт қабірге қойылысымен қабірді көмбей тұрып, жерлеуге келген әрбір мұсылманның қабірге үш уыстан топырақ тастаулары сүннет деп есептеген (немесе мұстахаб).   

Ендеше, біздің елдегі жерлеу рәсімінде қалыптасқан «топырақ салу» әдеті де түптеп келгенде аталмыш хадистерден бастау алады деуге негіз бар.

Дін категориясындағы басқа сұрақтар
1
Қырмызы

Мәкрүһ деген не?

1
Шыңғар

Мәһір деген не?

1
Жанетта

Нәпсі деген не?

1
Рамазан

Құбыланы қалай анықтауға болады?

0

Медресеге түсу үшін қандай экзамен тапсырады?

Медресеге түсу үшін қандай экзамен тапсырады?