Соңғы жаңалықтар
Сұрақтар мен жауаптар
Құндыз

Жоқтау сөздері қалай айтылады?

Талқылау
Пікір
Сайлаухан
03 Маусым, 16

Кенен Әзірбаевтің Нығметті жоқтауы

  

Інім едің, Нығмет, төрде отырған,

Қол жетпейтін алмадай өрде отырған.

Қазан желі ұрғандай жерге түстің,

Оқ тигендей аққуға көлде тұрған.

Қайтыс болдың мезгілсіз, қайран бауырым,

Құлағандай болдың-ау асқар тауым.

Қасқа жолмен Сұлутөр жайлауында,

Жататын ән шырқатып ауылында.

Жастайынан ел көрмей көп оқыдың,

Сауранбайдай кедейден алты ұл тудың.

Талаптанып, талпынып, білім алдың,

Қатарыңмен өнерпаз бірге жүрдің.

Аңырап, боздап амалсыз анаң қалды,

Елің шулап, ағайын, балаң қалды.

Жекжатың мен ел-жұртың күңіреніп,

Отыратын орныңнан таба алмады.

Дарын
03 Маусым, 16

Батырды жоқтау

        

Кешегі менің көкжалым,

Аруақ қонған жасынан.

Мың сан кісі жау келсе,

Алдына салып айдаған.

Айтқаны қате болмаған,

Атының басын бұрмаған.

Айбынын оның көрген жау,

Алдында қарсы тұрмаған.

Әділдігі сонша еді,

Адамзаттың басаласын

Өз ұлымен тең көрген.

Мырзалығы сонша еді,

Кәріп пенен қасырға

Барлық малын таратқан.

   

Қазақ әдебиеті категориясындағы басқа сұрақтар
1
Аида

Алғашқы қазақ романы қандай?

1
Бейбіт

Тайбурыл қай батырдың тұлпары?

1
Ұлпан

"Абай жолы" романының авторы кім?

1
Арман

Ыбырай Алтынсарин қай жылы дүниеге келді?

 

 

1
Наз

"Әліпби", "Тіл құралы" еңбектерінің авторы