0 интересует 0 не интересует
спросил 01 Март, 16 от Құралай в категории Ұстаздарға
категория изменена 02 Март, 16 от Мейрамгуль

1 Ответ

0 интересует 0 не интересует

Тәрбие - адамның міне-құлқын, құндылығын, ішкі дүниесін қамтитын үлкен мектеп іспетті. Тәрбие - тұлға қалыптастыру құралы. 

Кең ауқымды мағынасын қарастырсақ, тәрбие - жинақталған өмір тәжірибесінің атадан балаға мұра болып қалуы. Ол күллі адамға белгілі білім, адамгершілік және этикалық нормалар, қүнды ойлар сынды құндылықтарды қамтып, адамзат баласының руханиятының даму тарихымен тығыз байланыста болады.

Тәрбие арқылы адамзат баласы дами түседі. Адам баласын өркениетке жетелейтін де, ең алдымен, материалдық дүние емес, рухани құндылықтар. Әр адамда қалыптасатын өз құндылығ оның ғана өміріне емес, өзгелердің де өміріне ықпалын тигізеді. Біреуге иман, біреуге білім, біреуге ақша құнды. Алғашқы екеуінің құндылықтары адамзатқа пайда бермесе, зиянын тигізбес. Ал ақшадан өзгені құндылық деп білмейтіндер күллі адамзатқа қиянат жасайды. Олар үшін адамның да, оның өмірінің де еш құны жоқ. Адамдықтан аттаса да, арын таптаса да, қандай жолмен болсын ақша табуды ғана көздеген адамдар адамдықтан жұрдай болады.Мұндай пенделердің қоректеніп, көбеюден өзгені білмейтін жануардан айырмасы да жоқ, сірә. 

Сондықтан да адам баласына жастайынан құндылығын дұрыс қалыптастыра білу керек. 

ответил 02 Март, 16 от Нариман