Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Джеки Чан өмірінен қандай қызықты деректер білесіздер?

Талқылау
Пікір
Еркеназ
13 Маусым, 16

Джеки Чан өмірінен қызықты деректер:

  • Джеки Чанды анасы 12 айға жуық құрсағында көтерген. Дәрігерге көрінгеннен кейін, оны іштен жарып алу арқылы босандырады. Джеки Чанның туылғандағы салмағы 5 кг 400 г болған.
  • Джеки Чанның шын есімі - Чан Кон Сан. Дегенмен, актердың айтуынша, әкесінің тыңшы болуы себепті отбасы мүшелерінің есімін ауыстырған. Осылайша Джеки Чанның шын есімі - Фон Си Лунг.
  • Ата-анасы кішкентай Джекиді туылғаннан кейін анасын босандырған британиялық акушерге сатып жібермек болғаны жасырын емес.
  • Джекиді кішкентай кезінде Үлкен танау деп атаған. 
  • Джеки күніне 3 сағат бойы жаттығады.
  • Джеки қауіпті трюктар жасаудан, қол-аяғын сындырудан бұрын, мұнан кейін ауруханаға барып, дәрегерге қаралудан, ине салудан қорқады екен.
  • Сақтандыру компанияларының ешқайсысы Джеки Чанды сақтандыру тәуекеліне бармайды.
  • Джеки актер ретінде 80-ге жуық, каскадер ретінде 11 фильмге түскен. Оған қоса режиссер ретінде 15, продюсер ретінде 11 фильм түсірген.
  • Джеки "Полиция оқиғасы" фильмін өзінің ең үздік фильмі ретінде біледі.
  • Джеки Чан - танымал актер ғана емес, оған қоса әнші. Оның 10 ән жинағы бар.
  • Бос уақытында Джеки аң алуап, балық аулағанды, боулинг пен құмар ойындарын ойнағанды ұнатады.
  • Джеки Чанның сүйікті актеры әрі пір тұтатын адамы - Бастер Китон.
  • Джеки Чан спиртті ішімдіктерді ғана емес, кофе де ішпейді. Және ол шылым шекпейді.
  • Джеки Чанның бойы - 172,5 см.
  • Джеки Чанның ұраны: "Қорқыныш жоқ, дублер жоқ, және тең келер де ешкім жоқ".
  • Джеки Чанның кеңсесі мынай мекенжай бойынша орналасқан: International The Jackie Chan Group, 145, Waterloo Road, Loon Tong, Hong Kong.
Танымал тұлғалар категориясындағы басқа сұрақтар
1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Қазақстан туының авторы кім?

0
ая
5 жыл бұрын пайда болды

Абай қалай кайтыс болды?

1
Рауан
5 жыл бұрын пайда болды

Мырзағали Айтжановтың қазақ тілінде өмірбаяны бар ма?

Мырзағали Айтжановтың өмірбаяны
2
Темірлан
7 жыл бұрын пайда болды

Ермек Серкебаевтың өмірбаяны бар ма?