Соңғы жаңалықтар

Сұрақтар мен жауаптар

Талқылау

Пікір

Серікжан
13 Маусым, 16

ОС Android платформасындағы смартфонды қашықтықтан басқару

Жоғалған не ұрланған Android жүйесіндегі смартфонды табу үшін Device Manager қызметінің ресми веб-парақшасына кіру қажет. www.google.com/android/devicemanager

Сайттың басты бетінен құрылғыңызбен жасауға болатын негізі әрекеттер тізімін және оның қай жерде екені белгіленген картаны (соңғы белсенділікке байланысты) көре аласыз.

Сервис ұсынатын қызметтер тізімі:   

  • Смартфонның қазіргі орнын табу - бұл операция GPS, Wi-Fi және ұялы байланыс операторлары желісі мәліметтері базасында жұмыс істейді. Сондықтан, тіпті, смартфонға басқа SIM-карта орнатқан күннің өзінде, смартфонда интернет қызметі қосылған уақытта сервердегі картада оның орналсқан жері көрсетіледі.
  • Телефонды қоңырау шалуға мәжбүрлеу - бұл қызметті қосу арқылы сіз ұялы телефоныңызда қоңырау шалынуына қол жеткізе аласыз. Телефон дыбысы өшірулі болса да, ол 5 минут бойы қатты дыбыста қоңырау шалады.
  • Смартфонды құлыпқа түсіріп, құлыптау құпия сөзін енгізу.

Құрылғыдағы барлық мәліметті өшіру - телефондағы зауыттық баптауға дейінгі барлық мәліметті өшіреді. Қызметтің көмегімен смартфонның ішкі жадындағы мәліметтер толық өшіріледі. Смартфонның, Android-тың кей нұсқаларында SD-картадағы мәліметтерді де өшіруге болады.

Компьютер және интернет категориясындағы басқа сұрақтар
1
Nazarkhan

Big Data дегеніміз не?

1
Nazarkhan

Чип дегеніміз не?

1
Nazarkhan

html дегеніміз не?

1
Nazarkhan

Веб-сайт дегеніміз не?

1
Admin

Таргет дегеніміз не?