Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
Алматыда жасөспірімді электромобильді қуаттайтын станцияда тоқ соғып, жансақтау бөліміне түсті
Бюджеттен 6,7 миллион теңге жымқырған "ҚазАвтоЖол" филиалының экс-басшысы сотталды
Moody’s "Фридом Банк Қазақстан" АҚ-қа Ba3 деңгейінде ұзақ мерзімді депозиттік рейтингтер берді
Елімізде Наурыз мейрамы қарсаңында жолға қосымша пойыздар қосылады
Биыл 30 тамыз қазақстандықтар демалмайды – Еңбек министрлігі
Жамбыл облысында моншаға барған әйел жанжалдың кесірінен 4 жылға сотталды
460 мың теңгеге дейін: Алматы денсаулық сақтау басқармасы крематорий қызметінің құнына қатысты ақпаратқа жауап берді
"Футболды халық ақшасынан қаржыландыруға қарсымын" – Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов
Халықаралық даулы мәселелердің саяси шешімін ұдайы іздестіру керек – Тоқаев Израиль президентімен сөйлесті
Талғардағы адам ұрлау, зорлау, кісі өлтіру ісі: Басты күдікті 25 жылға сотталды
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою
Қоғам және саясат категориясындағы басқа сұрақтар
Ет қосылған бәлішті қалай жасауға болады?
0
Анонимді сұрақ
6 ай бұрын пайда болды
Шынайы адамға емес, GPT чатына сыр ашып жүргенімді байқадым. Сізде болған ба? Бұл қоғамды қалай өзгертуі мүмкін?
0
Анонимді сұрақ
8 ай бұрын пайда болды
Қала мен ауыл менталитетінің арасындағы айырмашылық ұлғайып бара ма?
1
1
1
Cайтқа кіру
Ең танымал
Барлық айдарлар
Мақал-мәтелдер
49
Қазақтың салт-дәстүрлері
14
Эссе мен шығармалар жиынтығы
23
Нақыл сөздер
7
Жұмбақтар
2
Білім, ҰБТ
207
Денсаулық
191
Махаббат
18
Мерекелер
25
Тарих
54
Құттықтау тілектер
39
Сценарий
6
Үйлену тойы
15
Дін
81
Кино мен ТВ
2
Ұстаздарға
13
Танымал тұлғалар
90
Қазақ әдебиеті
121
Компьютер және интернет
17
Қазақстанның көрнекі жерлері
20
Әлем бойынша
38
Қоғам және саясат
72
Жануарлар және өсімдіктер
58
Жұлдызнама және жорамал
17
Түс жору
17
Ғылым және техника
49
Сән және сұлулық
48
Заңгерлік кеңес
17
Әртүрлі
256
Қаржы кеңесшісі
12
Ойындар
10
Ет қосылған бәліш
Бұл рецепт бойынша жасаған бәлішіңіздің наны қытырлақ, салмасы шырынды болып шығады. Қалыпқа салу тәсілі бойынша кавказ бәліштеріне ұқсағанымен, ашытқысыз жасалады.
Құрамы
Нанын жасауға:
ұн - 2-2,5 ст.
айран - 1 ст.
өсімдік майы - 2 ас қасық
жұмыртқа- 1 дана
тұз - 0,5 шәй қасық
ас сода - бір шөкім
күнжіт - бетіне себуге
Салмасы:
сиыр еті - 400 грамм
пияз - 2 дана
сарымсақ - 1 тісше
көкшөп - 3 ас қасық
кілегей немесе сүт - 3 ас қасық
тұз, бұрыш - талғамыңыз бойынша
Жасалу әдісі
- Нанды әзірлейміз. Ол үшін жұмыртқаны тұз қосып, жеңіл шайқап аламыз. Оған айран, ас содасын, өсімдік майын қосып, жақсылап араластырамыз.
- Оның артынан ұн қосамыз. Қамыр жұмсақ әрі сәл жабысқақтау (қолға қатты жабысарлықтай емес) болуы тиіс. Қамырды бабына келтіре илеп, 20 минутқа "демалуға" қойып қоямыз.
- Қамыр тынығып болғанша бәліштің салмасын дайындаймыз. Етті, жарты пияз мен сарымсақты қосып еттартқыштан өткіземіз. Еттің майлырақ болғаны дұрыс.
- Қалған пиязды жұқа тілімдерге бөліп, көкшөпті ұсақтап тартылған етке қосамыз (Салмада пияз қаншалықты көп болса, бәліш те соншалықты шырынды болады). Кілегей немесе сүт құйып, тұз бен бұрыш салып, араластырамыз.
- Қамырды бір үлкен жайма етіп жаямыз немесе екіге бөліп, кішірек екі жайма жаямыз. Жайманың қалыңдығы 8 мм-ден кем болмауы керек. Жайманың ортасына салманы салып, тегістейміз.
- Жайманың шетін жинап, ортасына түйістіреміз. Бұл сәтте ескеретін жайт - бәліште еш саңылау болмауы тиіс. Себебі бәліш ішіндегі бөлінген шырын пісу барысында ағып кетуі мүмкін.
- Бәлішті тегістеп, аударып, тегіс және шеңбер болғанша оқтаумен жаямыз. Қалыпқа май жағып, бәлішімізді саламыз. Бәліштің ортасын бу шығу үшін тесіп қоюыңызға немесе шанышқымен бәліш үстін тегістей тесіп қоюыңызға болады.
- Бәліштің бетіне жұмыртқа немесе кілегей жағамыз.
- Үстіне күнжіт сеуіп, пешке 180 градусқа 30 минутқа қойып қоямыз.
- Дайын болған бәлішке су сеуіп, орамал жауып, 15 минутқа қойып қоямыз.
- Енді бәлішті турап, үстелге қойсаңыз болады
Астарыңыз дәмді болсын!