Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
Балқашта жоғалған 15 жастағы қыздың денесі көлден табылды
Қостанайда мейрамхана күзетшісі келішуге оқ атқан
Қостанайдағы жарылыстан 3 адам қаза тапты
Астанада ауа райына байланысты оқушылар мен студенттер қашықтан оқытуға жіберілді
"Себебін ешкім білмейді": Ақтөбеде әйел отадан кейін 9 ай бойы комада жатыр
Қызылордада әкімдік жөнделіп қойған жолдарды қайта жөндеуге 1,7 млрд теңге бөлген
"Балаларға арналған ұлттық қор" жобасы: Төлемдерді алу үшін баланың ата-анасы не істеу керектігі айтылды
"Қазіргі сағат денсаулыққа зиян": Ғалымдар бірыңғай уақыт белдеуіне көшудің пайдасын айтты
"Күлпаштың" арқасында күйеуіммен татуластым": Актер Берік Тұрсынбеков өзіне хат жазған бейтаныс әйел туралы айтты
"Бір жарым күн ішінде бүйрегі мен бауыры істен шыққан": Қарағандыдағы ауруханалардың бірінде жас жігіт қарапайым отадан кейін көз жұмды
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою
Танымал тұлғалар категориясындағы басқа сұрақтар
Қайрат Рысқұлбеков анасына жазған соңғы хатында не жазған?
1
0
1
Рауан
5 жыл бұрын пайда болды
Мырзағали Айтжановтың қазақ тілінде өмірбаяны бар ма?
Мырзағали Айтжановтың өмірбаяны
4
2
Cайтқа кіру
Ең танымал
Барлық айдарлар
Мақал-мәтелдер
49
Қазақтың салт-дәстүрлері
13
Эссе мен шығармалар жиынтығы
23
Нақыл сөздер
7
Жұмбақтар
2
Білім, ҰБТ
207
Денсаулық
192
Махаббат
18
Мерекелер
25
Тарих
54
Құттықтау тілектер
39
Сценарий
6
Үйлену тойы
13
Дін
81
Кино мен ТВ
2
Ұстаздарға
12
Танымал тұлғалар
90
Қазақ әдебиеті
121
Компьютер және интернет
17
Қазақстанның көрнекі жерлері
20
Әлем бойынша
38
Қоғам және саясат
70
Жануарлар және өсімдіктер
58
Жұлдызнама және жорамал
17
Түс жору
17
Ғылым және техника
48
Сән және сұлулық
48
Заңгерлік кеңес
16
Әртүрлі
249
Қаржы кеңесшісі
11
Ойындар
10
Сағынышты да қайғылы мәңгі қоштасу, ең соңғы амандық-жамандық хат
Сағынышты да қайғылы мәңгі қоштасу, ең соңғы амандық-жамандық хат
Амансыңдар ма, ардақты асыл анашым, бауыр-ет бауырларым, қадірлі қарындастарым, ақ пейіл жеңешем мен келінім және балдай тәтті қос бөбектерім!
Сендердің денсаулық, көңіл-күй, тұрмыс-тіршіліктеріңді сұрап не қылайын, бәрібір маған оны естіп-білу сормаңдайыма менің қу тағдыр жазбайын деп отыр.
Әйтеуір бұ дүниеде де, о дүниеде де ақ таза жүрегіммен бар тілейтінім — өздеріңнің әрқашан да аман-сау, ардақты адам болуларың.
Ендігі өздерің де естіп-біліп, үлкен қуаныш үстінде боларсыңдар. Сонда да басынан аяғына дейін өз қолыммен жазайын. Бар қасірет, мұң-зар, бақытсыздық, қырық қырсық мен сорлы бейшара, бейкүнәнің басына қашан, қалай, қай уақытта, не себепті қандай арамза жолдармен келгені өзімнен басқа, сіздерге де белгілі болар деп ойлаймын. Сіздер толық анығын білмесеңдер де, Талғат бәрін түгел біледі, мен оған бар сырымды еш жасырмай жазғанмын. Оның маған жазған жауабы, бауырлық ретінде берген уәде, серті: «Аман-есен Отан алдындағы өз міндетімді адам баласына лайықты абыроймен өтеп, туған үй, ошақ басына оралған соң, мейлі үш жыл өтсін, мейлі отыз жыл өтсін, бәрбір мен ақиқат — шындыққа түбі бір жетемін. Тек қана адал жолмен жетемін», деп жазған еді. Әрине, мен Талғатқа толық сенемін. Оның айтқаны айтқан, айтқан сертінен қайтпайтынын өз басым өте-мөте жақсы білемін. Сол себепті, оған өз басым, оның бауырлық ақ ниетіне, ағасының жоғын жоқтауына шексіз алғысымды білдіремін!!! Оған сәлем жолдзп, айтыңыздар: «Мен сорлыны толық жан-жақты түсініп, мен бейшараны кешірсін».
Өздеріңізге әбден белгілі, яғни мен сорлының жазықсыздан-жазықсыз, адам тұрмақ тышқан мұрнын да қанатпай сорлағанымды, темір торға торланғанымды, одан қала берді, түйенің көзіндей тесікке түйедей жала жабумен ақыры, ату жазасын алғанымды.
Иә, мен сіздерден еш жасырмаймын, мен 18 желтоқсан 1986 жылы алаңға бардым, көпшілікпен бірге. Бар ғанда да Конаевтың күйін күйттеп барған жоқпын. Тек қана, ол жерге барған себебім, бар мақсатым, біріншіден, ол жерде не болып, не істеп, не қойып жатқанын өз көзіммен көру болды. Екіншіден, алаңда қазақтың уыздай жас қыздарын ұрып-соғып, өлтіріп жатыр, дегенді елден естіген соң, өз басым қолымды жайып «күл болмасаң, тұл бол» деп отыруға еркектік ар-намысым еш жетпеді. Ер қатарында ер қара боп, саны бар сапасы жоқ боп, ербеңдеп жүрген намыссыз еркек мен емеспін, құдайға шүкіршілік, менің де көркейген кеудемде нағыз ерге лайық «намыс» баршылық.
Оның үстіне «қыздың жолы жіңішке» деген. Менің түсінігімше, әйел адамға ер адамдар тұрмақ, аң екеш аңдардың, хайуандардың еркегі де ұрғашысына мүйіз, я болмаса тұяғын көтермейді. Ал, біз бәріміз де аң емес адамзаттың ұлы — адамбыз, сондықтан ер адам әйел затына қол көтеріп, қол жұмсауға тиіс емес, әуелі еш правосы жоқ. Міне, қысқаша айтқанда, осындай түсінікпен, әйел затына ер болып өз қол ұшымды беріп, көмектесуге, оларды арашалап — қорғау үшін барғаным рас. Сол жерде қолымнан келгенше бар көмегімді бергенім де рас. Ол үшін әлі күнге дейін, еш өкінбеймін, керісінше, үлкен мақтаныш тұтамын. Бірақ та, бір құдай өзі куә, адам баласын еш өлтіргенім жоқ. Мұндай айуандық жасаудың өзі, сормаңдай менің қолымнан келмейді. Еш уақытта, ешқашанда...
Ал, әйел затына айуандықпен қол көтеріп, шашынан тартып, көкпарша сүйрегені үшін бір милицияны ұрып-соққаным өте рас. Ол адам, күні бүгінге дейін аман-есен зыр жүгіріп жүр. Өз қолыммен жасаған бар теріс қылық, бар қылмысым осы ғана.
Ал, маған «жығылғанға жұдырық» деп зұлымдықпен мойныма ілген «адам өлімі» — менің ісім емес. Мұның бәрін, ою-қиюын келістіріп көпе-көрнеу жала-жалғандықпен мен сорлының мойнына жүз қайтара орап ілген «ұялмайтын бес гектардай беттеріне талмайтын жақ берген» албасты атқан тергеушілер мен әбжылан жалақорлардың ісі. Мен өте-мөте жақсы білемін және сеземін. Ол атаңа лағнеттердің бұлай істеген себебі, біріншіден, елген адам жала жабушы жалақорлардың жақын, бірге істескен таныстары, сол себепті өз таныстарының өш-кегін алу; екіншіден, албасты әбжылан тергеушілердің «қанға — қан, жанға — жан» деп зұлымдықпен «өлген адам» үшін әдейі мені, «менің қолтықтап демеушім» жоқ бейшара екенімді біліп, істеп отырғандары.
Иә, мен сорлылығымнан жазықсыздан-жазықсыз ату жазасын алдым. Өйткені, өзімнің кінәлі емес екенімді, адалдығымды, қолымның қан емес екенін қанша зар еңіреп айтқаныммен өзімді еш ақтай алмадым.
Дүниеде, адам баласының өз-өзін ақтауы, өте-мөте қиын екені, кеудесінде жаны барлардың бәріне жақсы белгілі. Сондықтан, маған да бұл жағы өте қиын...
Міне, өздеріңіз естігендей «ату жазасын» 20 жылға ауыстырды. Бұл әрине, біреуге қуаныш, біреуге жұбаныш, ал біреуге азап. Өз басым, бұл үшін еш қуанғаным жоқ. Өйткені, асыл анашым! Түсініңізші мен сорлыны, ешуақытта, ешқашанда бұл тас зынданда жазықсыздан-жазықсыз еш отырғым келмейді. 11 ай ішінде қайғы- қасіреттен жүйке тамырым әбден жұқарды, әбден шаршадым. Сол себепті, жазықсыздан-жазықсыз өз-өзімді 20 жыл бойы еш қинағым келмейді, азап шеккім келмейді. Және сіздерді де қинатып, азаптағым келмейді. Менсіз де, асыл анашым-ай! Тағдырдың тауқыметін көп көрдіңіз ғой. Түсінген жанға сол да жеткілікті. Басыңызды 20 жыл бойы торлаған, сізге қайғы-уайым болмайын. Ардақты анашым! Бар жеткен жерім осы. Аяғыңызға жығылайын! Ақ сүтіңізді ақтай алмай көз жұмып бара жатқаным үшін сорлы балаңызды кешіріңіз! Өтінемін, кешірім өтінемін!
Мейлі, бар ұл-қыздарыңыздың ішіндегі жылан болып туылғаны мен-ақ болайын. Тек кешіріңіз, кешіңіз мен бейбақты, бейшараны, сорлы балаңызды. Кешіріңіз!
Бауырларым, сендер де кешіріңдер! Түсініңдер мені және кешіріңдер!
Жоқ! Жазықсыз 20 жыл бойы азап шегетін мен емеспін. Ерте ме, кеш пе, нағыз адам өлтіруші қылмыскерлер әлі-ақ табылады. Бұл ақиқат. Жүрегім сезеді.
Менің өлігіме, тек жалақорлар мен тергеуші, сот- тарды кінәлаңдар!
Соңғы рет қимастықпен беттеріңізден сарғайған сағынышпен сүйдім!!!
Қош болыңдар! Кош бол, жарық дүние!
Бар бақытымды о дүниеден табармын.
Сағынышты сәлеммен балаңыз
Қайрат.
21 мамыр 1988 ж.