Соңғы жаңалықтар

Сұрақтар мен жауаптар

Руда

Шөмішбай Сариев деген кім?

Талқылау

Пікір

Гүлмира
04 Шілде, 16

Сариев Шөмішбай Нағашыбайұлы 1946 сәуірдің 15 жұлдызында Қызылорда облысы Арал ауданы Шөміш стансасында дүние есігін ашқан. Ол - ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Ақын медицина училищесінде білім алып, мұнан соң Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған. Сол кезде-ақ туындылары "Лениншіл жас" газетінде, "Жұлдыз" журналында жариялана бастаған. Филология ғылымдарының кандидаты дәрежесіне жетіп, 1960-1970 жылдардағы қазақ лирикасы мәселелерін зерттеп, осы тақырыпта диссертация жұмысы қорғаған. 

Ақынның алғашқы өлеңі 1974 жылы жас ақындардың "Балауса" әдеби жинағында  жарияланған. Ол - 15-тен астам кітап пен 300-ден астам өлең мен әндердің авторы. Шөмішбай Сариевтің туындылары көптеген шет тіліне аударылған. Мысалы, "Теңізден соққан жел" өлеңдер жинағы хинди тіліне аударылған.

Сонымен қатар ақын "Тамаша", "Бауыржан шоу" сынды әйгілі әзіл-сықақ бағдарламаларының сценарийінің авторы болып табылады. 

Танымал тұлғалар категориясындағы басқа сұрақтар
1
Nazarkhan

Қазақстан туының авторы кім?

0
ая

Абай қалай кайтыс болды?

1
Рауан

Мырзағали Айтжановтың қазақ тілінде өмірбаяны бар ма?

Мырзағали Айтжановтың өмірбаяны
2
Темірлан

Ермек Серкебаевтың өмірбаяны бар ма?