Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Көне Үндістан мәдениет туралы не білесіздер?

Нұржан
Жауап қалдырылды: 28 Қыркүйек, 16

Көне Үндістан мәдениеті туралы қызықты мәліметтер

  • Үнділіктер әдебиет саласында да қалыс қалмайды. Ведалар - ең көне ідеби жәдігерлер. Олар біздің заманымыздан 2000 жыл бұрын шығарылған. Одан кейін Махабхарата мен Рамаяна пайда болды. Одан соң пайда болған - Панчатантра.
  • Үндістан десе көз алдымызға бірден ән-би келері анық. Үнді билері өз түп-тамырын Үнді тайпаларының көне салт-жоралғыларынан алады. Үнділер Шиваны би патшасы деп біледі. Оған қоса Кришнаны да құп көреді.
  • Химия саласындағы жетістіктер де аз емес. Көне Үенділер металл мен қорытпаларды ажыратып, өңдей білген. Олар боғыш, әйнек, қымбат тастар мен хош иісті заттар, тіпті, уды да жасай білген. 
  • Көне Үндістанда адам анатомиясын жақсы меңгерген. Дәрігерлер адам организміндегі барлық ағзаларды білген. Аурудың диагнозын дұрыс қойып, ем-дом тағайындаған.
Зарина
Жауап қалдырылды: 28 Қыркүйек, 16

Көне Үндістан мәдениеті туралы қызықты мәліметтер

  • Бүгінде көпшілікке танымал шахмат ойыны Үндістанда ойлап табылған.
  • Бағзы замандарда Үндістан тұрғындары құрақтан кристаллды қант жасай білген. сол уақытта өмір сүргендер қалайша аралардың көмегінсіз-ақ бал жасауға болатынына таңданған. Ал ол қанттан жасалған жасанды бал еді.
  • Үндістан - әлемге әйгілі кальянның отаны. Олар кальян шегуді парсыларға, парсылар мысырлықтарға үйреткен. Осылайша кальян барлық елге танымал болды.
  • Үндістандағыдай дін саны ешбір мәдениетте жоқ болар. Дін тұрғысында Үнді мәдениетіне тең келер ешкім жоқ. Көне замандардан бері Үнді халқы көптеген құдайға табынып, адамның пайда болуы жөнінде сансыз аңыздар құрастырған.
Саяхат және туризм категориясындағы басқа сұрақтар