Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сұрақтар мен жауаптар

Admin

Әлемдегі ең үлкен теңіз қандай?

Талқылау

Пікір

Admin
18 Қараша, 21

Әлемдегі ең үлкен теңіз – Саргасс теңізі, ғалымдар оның ауданын шамамен 6-7 миллион км2 дейді. Теңіз бетін саргассум балдырлары жауып жататын себепті осылай аталып кеткен.

Олардың көптігі Саргасс теңізінде жер үсті ағындарының тоғысу аймағының болуымен байланысты. Ағындар әлемдегі ең үлкен балдырлар қорын ғана емес, пластикті де теңізге әкеп тастаған. Пластикалық қоқыс пен адамның тіршілік әрекетінің басқа қалдықтары Саргасс теңізінің орталық бөлігінде көп.

Саргасс теңізі қатты жағалаулары жоқ әлемдегі жалғыз теңіз болып саналады, ол тек ағындармен шектеледі (батыста Гольфстрим ағыны, солтүстігінде Солтүстік Атлант, шығыста Канар, оңтүстігінде Солтүстік Пассат). Өзгеріп отыратын ағындар теңіз аумағын біресе үлкейтіп, біресе азайтып отырады.

Ауданы бойынша әлемдегі екінші үлкен теңіз – Филиппин теңізі, ал үшіншісі – Араб теңізі.
 

Әлем бойынша категориясындағы басқа сұрақтар
1
Марлен

Әлемдегі ең терең мұхит және оның тереңдігі қанша?

1
Жанат

БҰҰ штаб пәтері қай қалада орналасқан?

1
Айым

Қазақстан жер көлемі бойынша әлемде нешінші орында?

1
Nazarkhan

Әлемдегі ең тұзды теңіз?

1
Nazarkhan

Хэллоуин деген қандай мереке?