Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
Мәжілісте қабылданған әрбір заң "AMANAT" фракциясының белсенді қатысуымен дайындалды
Бұршақ жауып, дауыл болады: Қазақстанның 17 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
16 жасқа дейінгі балалардың YouTube-та тікелей эфир жүргізуіне тыйым салынады
"Рөлде отырып телефонмен сөйлесу - күнә": ҚМДБ исламдағы көлік жүргізу мәдениеті туралы айтып берді
Жүргізушілер Қазақстан-Қытай шекарасындағы ақша бопсалау әрекеттеріне шағымданды
Қазақстандықтар BI Group компаниясының Бурабайда ұйымдастырған мерекелік кешін сынға алды
Қазақстанда балаға анасының ұлтын беру мәселесі қаралады
Таразда 78 жастағы қария мен немересі есірткі сатумен айналысқан
“Маңыздысы — ақша емес, адамдарға көмектесе алу мүмкіндігі”: Астана тұрғыны лотереядан ұтып алған 5 миллион теңгесін қайырымдылыққа жұмсамақ
Қазақстандық ер адам жарасын тегін емдету үшін әдейі түрмеге түскен
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Cайтқа кіру
Ең танымал
Барлық айдарлар
Мақал-мәтелдер
49
Қазақтың салт-дәстүрлері
14
Эссе мен шығармалар жиынтығы
23
Нақыл сөздер
7
Жұмбақтар
2
Білім, ҰБТ
207
Денсаулық
191
Махаббат
18
Мерекелер
25
Тарих
54
Құттықтау тілектер
39
Сценарий
6
Үйлену тойы
15
Дін
81
Кино мен ТВ
2
Ұстаздарға
13
Танымал тұлғалар
90
Қазақ әдебиеті
121
Компьютер және интернет
17
Қазақстанның көрнекі жерлері
20
Әлем бойынша
38
Қоғам және саясат
70
Жануарлар және өсімдіктер
58
Жұлдызнама және жорамал
17
Түс жору
17
Ғылым және техника
49
Сән және сұлулық
48
Заңгерлік кеңес
17
Әртүрлі
254
Қаржы кеңесшісі
12
Ойындар
10
Хэллоуин бүкіл әлемде 31 қазанда, барлық әулиелердің католик күні қарсаңында тойланады (ол 1 қарашада тойланады). Әр елде әулиелер мерекесі түрліше аталады. Мысалы, Латын Америкасында – Өлгендер күні.
Бұрын бұл мереке егін жинау маусымының соңында болатын. Жердің сыйлықтары үшін Құдайға ғана емес, өз ата-бабаларына да алғыс айту керек деп есептеліп келген. Бұл –ежелгі, пұтқа табынушылық дәстүрдің жаңғырығы.
Англия мен АҚШ-та қайтыс болған туыстарын 1 қараша қарсаңында еске алады. Бұл All Hallows Evening (аудармасы – барлық әулиелер кеші) немесе ескі ағылшын тілінде All hallow ees деп аталады. Яғни мерекенің атауы осыдан келіп шыққан – Хэллоуин, 31 қазан күні тойланады.
Тарихшылар бұл мереке бастапқыда егін жинау маусымының аяқталуымен және жылдың қараңғы бөлігінің басталуымен байланысты болған деп санайды. Бұл мерекені Британия аралдарында тұратын халықтар тойлаған.
Жергілікті кельттер оны Самайн деп атаған, ол «жаздың батуы» деп аударылады. Бұл мерекенің өліммен байланыстылығы осыдан кеп шығады. IV-V ғасырларда бұл аймаққа христиандықтың келуімен мерекеге жаңа мағына берілді: қасиетті шіркеу мен қайтыс болған ата-бабаларды еске алу күні болып өзгерді.
Оны негізінен ирландтар мен шотландтар тойлағн. XIX ғасырдың екінші жартысында олардың көпшілігі АҚШ-қа қоныс аударды. Бір кездері таза аймақтық дәстүр әлемге әйгілі мерекеге айналып, мүлдем басқа мағынаға ие болады. ХХ ғасырдың басынан бастап Хэллоуин өлгендерді еске алу мерекесі емес, зұлым рухтарға арналған мереке болып өзгерді.
Тарихшылардың пікірінше, мерекенің мәні Хэллоуин карнавалдарын ұйымдастыру дәстүріне байланысты түбегейлі өзгерді. Ол тек ХХ ғасырда АҚШ-та пайда болды: кішкентай балалар зұлым рухтардың костюмін киіп, үйлерді аралап, кәмпиттер сұрайтын.
ХХ ғасырдың аяғында бұл мерекеге киіну дәстүрі бүкіл әлемде танымал бола бастады.
Америкада Хэллоуиннің тағы бір атрибуты – асқабақ пайда болды. Бұл көкөністі жинау маусымы қазан айында келеді.
Асқабақтан «Джек шамы» деп аталатын шам ойылып жасалады. Ирландиялық ортағасырлық аңыз бойынша, Джек есімді фермер сайтанды алдап, одан қайтыс болғаннан кейін жанын тозаққа жібермеуге уәдесін алады. Алайда фермерді күнәлары үшін жұмаққа жібермегендіктен, сайтан досына «көмектесті» – Джек өз жолына жарық түсіруі үшін оған тозақ отынан көмір берді. Сөйтіп шалқаннан ойып шам жасап, ішіне көмір салады. Содан бері Джектің шамы – қараңғыда әрлі-берлі жүретін, жаны тыныш таппаған адам символы.
Католик дініне сәйкес, мұндай жандар тазару орнында болады. Алайда католик шіркеуінде де, православие шіркеуінде де зұлым рухтардың құрметіне арналған мереке құпталмайды.
Батыс елдерінде Хэллоуинде үйлерін тек асқабақ шамдарымен ғана емес, қорқынышты фильмдердің түрлі атрибуттарымен безендіру әдетке айналған. Мысалы, қолдан жасалған өрмекші торы болуы мүмкін. Көбінесе үйлерді елес немесе мыстандардың мүсінімен безендірген.