Соңғы жаңалықтар

Сұрақтар мен жауаптар

Жанайым

Сыйлық туралы шығарма бар ма?

Пікір

Жамал
03 Қазан, 16

Адам мен адам арасына жылылық орнататын дүниелердің бірі - сыйлық. Ол сыйлық берушінің де, сыйлық алушының да жүрегіне ерекше сезім орнатады. 

Сыйлық берместен бұрын, кімге қандай сыйлық, не нәрсе ұнайтынын білген жөн. Әр адамның өзіндік ұнататын, ұнатпайтын заттары болады. Ұнатқанын дөп таба білсеңіз, көңілін тапқаныңыз. Ал ұнатпайтын дүниесін сыйға тартсаңыз, оның да, өзіңіздің де көңіліңіз түседі. Ұнатпаған  дүниесін алған адам сізге қуанғандай кейіп танытуы мүмкін. БЮірақ адамның шынайы сезімін, қуанғандағы көзіндегі отты байқауға әсте болады. Сыйлық берген адамыңызға сыйлығыңыздың ұнамағанын байқасаңыз, сіздің де көңіліңіз түсіп, кірбің қалуы мүмкін. 

Десе де сыйлық, ең алдымен сыйластықты білдіреді. Сондықтан сыйлық - арадағы сыйластықты арттыруға сеп. Ең маңыздысы, не нәрсені сыйға алғаныңызда емес, сыйлық берген адамның сізге деген көңілі, сыйластығы. Ол - барлық дүниеден де жоғары. 

Білім, ҰБТ категориясындағы басқа сұрақтар
1
Nazarkhan

Дидактика дегеніміз не?

1
Nazarkhan

Антитеза дегеніміз не?

1
Nazarkhan

Хикаят дегеніміз не?

1
Nazarkhan

Коучинг дегеніміз не?

1
Nazarkhan

Вебинар дегеніміз не?