Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
            
                                    
                        
                            
                            
                        
                        
                            
                                
                                
                            
                            Қазақстанда ауруларды ерте анықтаған дәрігерлерге үстемақы төленеді
                        
                    
                                    
                        
                            
                            
                        
                        
                            
                                
                                
                            
                            Криштиану Роналдудың ұлы Португалия сапында алғаш рет алаңға шықты
                        
                    
                                    
                        
                            
                            
                        
                        
                            
                                
                                
                            
                            "Әкімдікті күтіп шаршадық": Өскемен тұрғындары өз күштерімен көпір салып алған
                        
                    
                                    
                        
                            
                            
                        
                        
                            
                                
                                
                            
                            УЕФА Конференциялар лигасының 2028 жылғы финалы Қазақстанда өтуі ықтимал
                        
                    
                                    
                        
                            
                            
                        
                        
                            
                                
                                
                            
                            Атырау облысында шенеунік өзін-өзі атып өлтірді
                        
                    
                                    
                        
                            
                            
                        
                        
                            
                                
                                
                            
                            Шерхан Қалмұрзаның анасы өзіне қатысты айтылған сындарға жауап берді
                        
                    
                                    
                        
                            
                            
                        
                        
                            
                                
                                
                            
                            Біріккен Араб Әмірліктері Қазақстанда ең ірі қант зауытын салмақ
                        
                    
                                    
                        
                            
                            
                        
                        
                            
                                
                                
                            
                            Астанада жасөспірімдер 12-қабаттан көшедегі адамдардың үстіне су толы пакеттер лақтырған (видео)
                        
                    
                                    
                        
                            
                            
                        
                        
                            
                                
                                
                            
                            Қазақстанда танымал боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы әйеліне іздеу жарияланды
                        
                    
                                    
                        
                            
                            
                        
                        
                            
                                
                                
                            
                            Астанада 26 жастағы әйел алты баланың анасы атанып, "Күміс алқаға" ие болды
                        
                    
                            
        
        БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР 
    Сұрақтар мен жауаптар
                    
                Cайтқа кіру
        
    Ең танымал
    
Барлық айдарлар
    Мақал-мәтелдер
49
            
                    
                Қазақтың салт-дәстүрлері
14
            
                    
                Эссе мен шығармалар жиынтығы
23
            
                    
                Нақыл сөздер
7
            
                    
                Жұмбақтар
2
            
                    
                Білім, ҰБТ
207
            
                    
                Денсаулық
191
            
                    
                Махаббат
18
            
                    
                Мерекелер
25
            
                    
                Тарих
54
            
                    
                Құттықтау тілектер
39
            
                    
                Сценарий
6
            
                    
                Үйлену тойы
15
            
                    
                Дін
81
            
                    
                Кино мен ТВ
2
            
                    
                Ұстаздарға
13
            
                    
                Танымал тұлғалар
90
            
                    
                Қазақ әдебиеті
121
            
                    
                Компьютер және интернет
17
            
                    
                Қазақстанның көрнекі жерлері
20
            
                    
                Әлем бойынша
38
            
                    
                Қоғам және саясат
72
            
                    
                Жануарлар және өсімдіктер
58
            
                    
                Жұлдызнама және жорамал
17
            
                    
                Түс жору
17
            
                    
                Ғылым және техника
49
            
                    
                Сән және сұлулық
48
            
                    
                Заңгерлік кеңес
17
            
                    
                Әртүрлі
256
            
                    
                Қаржы кеңесшісі
12
            
                    
                Ойындар
10
            
            
«Қарты бар үйдің қазынасы бар,» - дейді қазақ. Расында да солай, ата-әжесі бар үйде береке мен молшылық бар сияқты. Үйіне түсетін кісі де көп, қонақ та толы.
Әр күндері мереке болып өтеді. Ал ол кісілердің тәрбиесін, үлгі-өнегесін алып өскен бала қандай тәрбиелі, дана болып өседі.
«Көп қарттың ортасында жүрген дана болар» дейді. Атасының қасында жүріп ескінің әңгімесін тыңдап, қамшы өрсе, бір бауын ұстап отырса, бойына қаншама рухани әрі дағдылық қасиеттерді сіңіреді. Сол сияқты әжесінің айтқан ертегі-әңгімелері арқылы жақсы мен жаманды, өтірік пен шындықты, ақ пен қараны ажыратуды үйренеді. Баламен отырып әңгілескеннің өзі тәрбиедегі ең маңызды құрал болып табылады: баланың айналасындағыларға деген сенімін оятады, тілін дамытады, тілі арқылы ой-өрісін, интеллектісін арттырады. Бастысы баланың қоршаған ортаға үйренісіп, жақсы қарым-қатынасқа түсу дағдысын қалыптастырады. Ата мен әженің «мектебінен» шыққан балалар өмірде рухани жағынан мықты болып келеді: жүрегі жұмсақ, қоршаған ортаға қамқор, мейірбан кісілер болып ержетеді.
Ежелден-ақ халқымызда қариялар зор құрметтелген. Өмірлік тәжірибесі мол, көпті көрген, дана, елге айтары бар кісілер ақсақал деп қадірленетін болған. Олар ел ішілік, туысаралық, отбасылық үлкен дауларды, мәселелерді шешкен, ортақ байлам айтқан. Хандардың қасында да кеңесші қызметінде жастар емес, осы қариялар отырған. Дала соты да – осы қариялар.
Қарттардың алдын аттамай, төрге шығарған. Аузын аңдып, айтқанын ұғып алғысы кеп тұратын. Балаларды кішкентайынан соған тәрбиелеген. «Үлкеннің жолын кеспе!», «Үлкенге құрмет көрсет!», «Үлкендердің сөзін бөлме!» және т.б. тыйымдар қазақта көп. Ақсақал келсе, қолына суын құйып, сүлгісін әперіп, жұмсағанына барып, әркім қолдарынан келгенше қызмет еткен. Ал қарттарымыз да елге ақылын айтып, батасын беріп отырған. Қай істі бастасақ та, қарттармен ақылдасып, олардың батасын алмай бастамаймыз. «Өркенің өссін!», «Өрісің кеңісін!», «Атадан озып туған ұл бол!», «Ниетіңе жет!», «Атаңның ұлы болма, адамның ұлы бол!». Осындай дұға-тілекті болғасын, оларды аузы дуалы кісілер деп ардақтаймыз.
Тоқта, ботам!
Атаң келеді артыңда!
Жүзе жүріп, жүз құбылған сағымда,
Жастық дейтін көктеменің шағында,
Өскен едік сенің анаң екеуміз
Осы қарттың мәпелеген бағында.
Қарттың бағын жайлайтынбыз иен тегін,
Тыңдайтынбыз алуан-алуан ертегін.
Жинап алып жүрер еді жарықтық
Күллі ауылдың елтеңі мен селтеңін.
М.Мақатаевтың осы өлеңінде «баласын» қарияның алдына түсіп кетпеуге шақыра отырып, ақылын алуды тапсырған. Сонымен қоса қарттың еңбегін, даналығын, балаларға деген мейірімділігін айтқан. Дәл осындай қарттар әрбір ауылда, әр жерде бар. Ал оларды бағалау – әрбіріміздің борышымыз.
Халқымызда әуелден-ақ даналықтың, сабырлылық пен дархандықтың белгісі осы қарттарымыз саналған. С.Жиенбаев «Дария кеуде, тау мүсін, Құрыштан құйған құдірет», -деп қарттардың жиынтык бейнесін жасайды. Шынында, қарттардың кеудесі тұнған дария-даналық, өздері таудай биік, құрыштай берік, сабырлы болып келеді.
Дегенмен қарттардың бәрі де бұл жиынтық бейнеге сай бола бермейді. Өмірдің заңдылығы да сол – барлық адам бірдей емес. Сондықтан да болар Б.Момышұлы қарт кісілерді төртке бөлген екен: шал, қария, ақсақал, абыз. Үй іші, ошақ қасынан шықпай, ел арасында өсек таситын қарт шал, өз отбасын дұрыс ұстай білген кісі қария, ауылындағы дау-дамайды шешіп, ауылдастарына өнеге көрсете білген қартты ақсақал, ал енді ел ішіне үлгі болып, ақылына тоқтата алар қартты абыз деп атаған екен. Қазақта «Өсер елдің қарты қазына болар, өспейтін елдің қарты қазымыр болар» деген сөз де бар. Қазыналы қарттарымыз көп болсын, аман болсын!
Қариялар - елдің қазынасы.
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев:
Ақиқатты айқындап жариялар,
Бара жатыр азайып қариялар.
Дауыл тұрса, бүлк етiп толқымайтын,
Бара жатыр сарқылып дариялар...
Неменеге жетiстiң, бала батыр?
Қариялар азайып бара жатыр.
Бiрi мiнiп келместiң кемесiне,
Бiрi күтiп, әнеки, жағада тұр, - деген екен.
Қария - даналық көзі. Сөзі мірдің оғындай, ақылы терең, жүрегі кең қариялар қашан да ел мен елдің тыныштығын, ел ішіндегі татулықты сақтай білген. Абай атамыз "Бас-басына би болған өңкей қиқым" демекші, қарты бар ауылдың берекесі, бірліші бар. Себебі елдің ниеті, сөзі, ойы бір болу үшін, елді бастай білетін, елі қостай білетін қариялар дәйім керек. Сондықтан үлкенді сыйлап, сөзіне еру елді алауыздықтан сақтап, тыныштық орнауына сеп болады. Ақылы дария қариялардың көкірегі толы өсиет болмақ. Көргені көп адамдардың ақылын тыңдап, сөзін санаға түйіп жүргеннен ешкім жаман болмас.
"Қарты бар үйдің қазынасы бар", - дейді дана халқым. Мен оған "Қарты бар елдің бақ-берекесі бар" деп қосар едім.