Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Жүкті әйелдерге қандай кеңес бере аласыздар?

Талқылау
Пікір
Салтанат
11 Қазан, 16

Жүкті әйелдерге арналған кеңестер:

  • Шылым шегіден бас тартыңыз. 
  • Спиртті және әлсіз алкогольді ішімдіктерден бас тартқаныңыз жөн. Жүктіліктің алғашқы кезеңінде болашақ сәбидің маңызды ағзалары мен жүйелері қалыптасады.
  • Кофені де көп ішпегеніңіз абзал. Тіпті, ішкіңіз келсе күніне 1 рет ішуіңіз жеткілікті. Бірақ кофе күшті болмауы керек.
  • Жақсы желденетін бөлмеде кемінде 8 сағат ұйықтаңыз.
  • Көбірек таза ауада демалыңыз.
  • Қан айналымы мен сәбиді нәрлі заттармен қамтамасыз ету жақсару үшін күнделікті жаяу жүріңіз. 
  • Уайым-қайғыдан, күйзеліс тударытан жағдайлардан аулақ болғайсыз.
  • Күн сайын кемінде 3 жеміс пен балғын көкөністерден жасалған салатпен ауқаттануды мақсат етіп қойыңыз әрі әдетке айналдырыңыз. 
  • Көбірек күліңіз. Балаңыздың даму барысында анасының жақсы, көтеріңкі көңіл-күйі оң әсер етеді.
  • Жүктілік кезінде күннен қорғайтын иісмайларды қолданыңыз. Ол жүктілік уақытында пайда болатын пигментті дақтардың алдын-алады немесе азайтады. 
Денсаулық категориясындағы басқа сұрақтар
1
Ерасыл
1 жыл бұрын пайда болды

Шынашақ деген қай саусақ?

1
Admin
1 жыл бұрын пайда болды

Менструалдық цикл дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Стресс дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Пандемия дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Антисептик дегеніміз не?