Соңғы жаңалықтар

Сұрақтар мен жауаптар

Admin

Фразеологизм деген не?

Талқылау

Пікір

Admin
07 Маусым, 21

Фразеологизм дегеніміз – тұрақты сөз тіркесі. Ол екі немесе одан да көп сөздердің тұрақты түрде тіркесуі арқылы жасалып, ауыспалы, бейнелі мағынаны білдіретін сөз тіркестері болып табылады.

Ғылыми еңбектерде фразеологизмдерге үш түрлі белгі тән екендігі айтылған:

  1. тіркес тұрақтылығы;
  2. мағына тұтастығы;
  3. қолдану тиянақтылығы. 

Фразеологизмдер қолданыста дайын күйінде жұмсалады. Тіркес құрамындағы сөздер бір-бірімен тұтасып, фразеологиялық мағына сол сөздердің жалпы жиынтығынан келіп шығады. Сөйтеді де бір ғана мағынаны білдіреді.

Мысалы, төбе шашы тік тұру – қорқу деген мағына білдіреді. Бұл тұрақты сөз тіркесі ретінде бір мағынада қолданылады, сөздердің орнын ауыстыра алмаймыз, үнемі бірге жүреді. 
 

Білім, ҰБТ категориясындағы басқа сұрақтар
1
Nazarkhan

Дидактика дегеніміз не?

1
Nazarkhan

Антитеза дегеніміз не?

1
Nazarkhan

Хикаят дегеніміз не?

1
Nazarkhan

Коучинг дегеніміз не?

1
Nazarkhan

Вебинар дегеніміз не?