Соңғы жаңалықтар

Сұрақтар мен жауаптар

Admin

Аллитерация деген не?

Талқылау

Пікір

Admin
11 Маусым, 21

Аллитерация (лат. allittera-дыбыстас) - дауыссыз дыбыстардың, дауыссыз дыбыстан басталатын сөздердің қайталануы арқылы әдеби тілді әдемі жеткізудің көркемдік тәсілдерінің бірі. 

Мысалы, М. Мақатаевтің "Дос болам десең" өлеңінде бастапқы сөздері "Дос" сөзінен басталады.

Дос болам десең,
Досыңды сыйла, қымбаттым!
Досыңа сонда,
Досыммен ғана қымбатпын.
Дос болам десең,
Мендегі доспен достасқын,
Сендегі доспен дос болып сонда тұрмақпын.

Аллитерация - қазақ мақал-мәтелдерінде де ұтымды қолданылатын тәсілдерінің бірі. Мақалдар құрылысында дыбыс үндестігі, бір дыбыс немесе бір сөзді бірнеше рет қайталау кездеседі. 

Мысалы:

Жақсыға берсең асыңды,
Жақсы сыйлар басыңды.
Жаманға берсең асыңды,
Итке тастар басыңды.

Білім, ҰБТ категориясындағы басқа сұрақтар
1
Nazarkhan

Дидактика дегеніміз не?

1
Nazarkhan

Антитеза дегеніміз не?

1
Nazarkhan

Хикаят дегеніміз не?

1
Nazarkhan

Коучинг дегеніміз не?

1
Nazarkhan

Вебинар дегеніміз не?