Соңғы жаңалықтар

Сұрақтар мен жауаптар

Руслан

Күйікке қарсы алғашқы көмек. Не істеу керек?

Пікір

Айбек
27 Қазан, 16

Ыстық суға күйіп қалғанда көрсетілетін алғашқы көмек

  • Су болған киіміңізді жылдам шешіңіз. Себебі су күйдіруін жалғастырады. Егер мата синтетикалық талшықтан болса, тіпті жылдамырақ шешінуге тырысыңыз. Киімді абайлап шешіңіз. Пайда болған күлбіреген жерлерді зақымдап алмаңыз. Сонымен қатар жараға инфекция түспес үшін күлдіреген жерлерді жармаңыз. Киіміңіз теріңізге жабысып қалмас үшін қайшымен қиып тастауыңызға да болады.
  • Күйген жерді суық су ағынына тосыңыз. Немесе суық су құйылған ыдысқа салыңыз. Суық ауруды басып, күйіктің жайылуын баяулатады. Ісінуді басу үшін күйіп қалған жерді жоғарыға қаратып ұстаңыз. Алғашқы көмек көрсеткен кезде салқындату үшін суық суға малынған жайма немесе орамал да жарайды.
  • 15-20 минуттан кейін күйген жерді құрғатып, зарарсыздандырылған дәкемен таңып қойыңыз. Қатты қыспаңыз. 
Денсаулық категориясындағы басқа сұрақтар
1
Admin

Менструалдық цикл дегеніміз не?

1
Nazarkhan

Стресс дегеніміз не?

1
Nazarkhan

Пандемия дегеніміз не?

1
Nazarkhan

Антисептик дегеніміз не?

1
Nazarkhan

Бронхит дегеніміз не?