Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сұрақтар мен жауаптар

Nazarkhan

Цистит дегеніміз не?

Талқылау

Пікір

Nazarkhan
19 Қараша, 21

Цистит – бұл қуықтың шырышты қабығының қабынуымен байланысты ең көп таралған ауру. Негізінен әйелдер бейім ауруларға жатады.
Циститтің қоздырғышы көп жағдайда тоқ ішектің төменгі бөліктерін шабуылдайтын ішек таяқшасы. Ол тоқ ішектен шығып, несеп жолына түседі, содан кейін қуыққа жетеді. Сондықтан циститпен көбінесе әйелдер ауырады, себебі олардың несеп жолы ерлерге қарағанда қысқа. Бактериялар қуыққа бүйректен іріңді қабыну кезінде де енуі мүмкін (мысалы, созылмалы пиелонефритте).
Жіті цистит кезінде адам жиі зәр шығарады және  «кесіп жатқандай» ауырсыну сезеді, іштің төменгі бөлігіндегі жағымсыз сезімдер туындап, әсіресе зәр шығару кезінде қатты білінеді. Созылмалы циститте бұл симптомдар іс жүзінде болмауы мүмкін. Тек зәр шығару жиі болуы ықтимал.
Ауыр емес түрдегі жіті циститті амбулаториялық негізде емделеді. Емдеуші дәрігер науқасқа бактерияға қарсы терапия (курсты) тағайындайды. Мұндай ем алған науқас 3-ші немесе 5-ші күні өзін жақсы сезіне бастайды.
Жиі және ауыр зәр шығаруды жою үшін дәрігер спазмды басатын препараттар тағайындайды. Ал қатты ауырсыну синдромын оны басатын дәрілермен емдейді.

Денсаулық категориясындағы басқа сұрақтар
1
Admin

Менструалдық цикл дегеніміз не?

1
Nazarkhan

Стресс дегеніміз не?

1
Nazarkhan

Пандемия дегеніміз не?

1
Nazarkhan

Антисептик дегеніміз не?

1
Nazarkhan

Бронхит дегеніміз не?