Соңғы жаңалықтар

Сұрақтар мен жауаптар

Nazarkhan

Патриархат дегеніміз не?

Талқылау

Пікір

Nazarkhan
02 Желтоқсан, 21

Патриархат – матриархатты алмастырған кезең, әкелік (патриархалдық) кланмен сипатталатын алғашқы қауымдық жүйенің даму кезеңі, онда туыстық қатынас ерлер жолымен жүреді және ер адам үстем жағдайға ие болады.

Патриархат − шаруашылықта, қоғамда және отбасында ерлердің рөлі басым болатын әлеуметтік ұйымның бір түрі.

Патриархатқа негізделген жүйеде үкімет әдетте тек ер адамдардан тұрады. Патриархалдық жүйенің әсері мынада: ер азаматтардан бір елі төмен тұруы керек деп саналады. Әйелдерге басшылық қызметтерді атқаруға, дауыс беруге және мүлікті иеленуге рұқсат етілмейді. Отбасылық қатынастарда ер адам құқықтық және мәдени билеуші болып саналады.

Феминизм теорияларының көпшілігінде патриархат әйелдердің басып жаншитын және олардың әлеуметтік рөлдерін шектейтін әділетсіз әлеуметтік жүйе ретінде қарастырылады.

Қоғам және саясат категориясындағы басқа сұрақтар
0
1
Нұрбек

БҰҰ қай жылы құрылды?

1
Admin

Дефолт дегеніміз не?

1
Admin

Социофобия дегеніміз не?