Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сұрақтар мен жауаптар

Admin

Жүз дегеніміз не?

Талқылау

Пікір

Admin
13 Желтоқсан, 21

Жүз – ру-тайпа бірлестіктердің жалпылама атауы. Қазақта руларды үш жүзге бөледі: Ұлы, Орта, Кіші. Жүздердің пайда болу уақыты мен негізгі себебі жайлы деректер жоқ.

Бұған қатысты ғалымдар пікірі де әр түрлі. Ш.Уәлиханов жүздің қалыптасуын Алтын орданың ыдырау уақытымен дәлме-дәл келеді деп есептеген. Осылайша кең аумақты қорғау үшін тайпалар үш жүзге бөлінген дейді. Ал кейбірі бұдан берірек уақытта, қазақ-жоңғар соғысы кезінде пайда болған деседі. 

Ал орыстың белгілі ғалымы В.В.Бартольд өз еңбегінде қазақ жүздерінің құрылуын географиялық факторлармен байланыстырады. Географиялық жағдайлар мен факторларға икемделу, өз аумақтарын белгілеп, оқшаулану арқылы жүздерде шаруашылық және мәдени өзгешеліктер қалыптасқан деп санайды. 

Ұлы жүз құрамындағы тайпаларға мыналар жатады: сарыүйсін, шапырашты, ысты, дулат, ошақты, сіргелі, албан, қаңлы, жалайыр, шанышқылы, суан.

Орта жүз тайпалары: арғын, қоңырат, найман, қыпшақ, уақ, керей.

Кіші жүз тайпалары: Он екі ата Байұлы және Жетіру, Алты ата Әлімұлы.
 

Тарих категориясындағы басқа сұрақтар
1
Дәурен

Жалайыр қай жүзге жатады?

1
Ажар

Найман қай жүзге жатады?

1
Бақытгүл

Ұлы жібек жолы қай жерден басталды?

1
Динара

Алтын Орданың негізін қалаған кім?

1
Қырмызы

Сақтар Қазақстан аумағын қай уақытта мекендеді?