Соңғы жаңалықтар

Сұрақтар мен жауаптар

Хасан

Ғаламтордың даму тарихын білесіздер ме?

Талқылау

Пікір

Дәурен
27 Қазан, 16

Ғаламтордың даму тарихы

Ғаламтор тарихы ХХ ғасырдың 50 жылдарынан басталады. Анығырақ айтар болсақ 1957 жылы КСРО алғашқы жасанды серік жіберген кезден бастау алады. 

1969 жылы АҚШ-тың әр түкпіріндегі 4 компьютерді бір-бірімен қосатын жүйе іске қосылды. Ал бір жылдан кейін ARPAnet аталатын жаңа ақпараттық желі жұмыс істей бастады. 

Жыл сайын ARPAnet дамып, әскери және жасырын желілермен қатар түрлі мекемелер үшін қолжетімді сипат ала бастады.

1973 жылы ғаламтор халықаралық сипат алды. 

1983 жылы «TCP/IP протокол» аталатын ARPAnet-ке кіруге мүмкіндік беретін жаңа механизм енгізілді. Бұл протокол телефон желісі арқылы ғаламторға жеңіл қосылуға мүмкіндік беретін. 

80 жылдардың соңында әскерилердің төзімі шегіне жетті, себебі желі құпия сипаттан жалпыға қолжетімді сипатқа ауысты. Сондықтан олар желіден өздеріне қажет бөлігін бөліп алып, MILNet атауын берді. 

90 жылдардың соңында желі арқылы тек мәтіндік емес, графикалық ақпараттар мен мультимедианы да жіберу мүмкін болды. 

Компьютер және интернет категориясындағы басқа сұрақтар
1
Nazarkhan

Big Data дегеніміз не?

1
Nazarkhan

Чип дегеніміз не?

1
Nazarkhan

html дегеніміз не?

1
Nazarkhan

Веб-сайт дегеніміз не?

1
Admin

Таргет дегеніміз не?