Соңғы жаңалықтар

Сұрақтар мен жауаптар

Талқылау

Пікір

Досым
03 Қараша, 16

Ішімдіктен ада болудың тағы бір себебі жас ұлғайғанда организмде сұйықтық жетіспеушілігінде жатыр. Организмде су аз болған сайын, қандағы алкоголь мөлшері де көп болады. Нәтижесінде 30 жаста әдетке айналған ішімдік мөлшері 50 жастан кейін организміңізге зиянды.

Ішімдікті шектен тыс ішудің салдары түрлі ауруларға әкеп соғуы мүмкін. Өз кезегінде аурулар себебінен адам жабығып, күйзеліске түсуі мүмкін. Мұндай күйден арылу үшін олар тағы да ішімдіктің көмегіне жүгінеді. Сондықтан дер кезінде ішімдіктен тыйылу маңызды. Қолыңыздан келмесе, мамандардың көмегіне жүгініңіз.

Досым
03 Қараша, 16

Мұнда тұрған таңданарлық ештеңе жоқ. Жас ұлғайған сайын адамның ішімдікті көтеруі нашарлайды, бас жазу қиынға соғады. Адамның жас шағында бір бокал сыра немесе күшті сусынның бір стақаны 2 сағат көлемінде бойға тарайды. Алайда жыл өткен сайын иммундық жүйе әлсіреп, гормондар мен түрлі ферменттердің бөлінуі бәсеңдей бастайды. Нәтижесінде организмге ішімдіктің аз мөлшерін де көтеру қиынға түседі. Ішімдіктен улану ұзағырақ, ал бас жазу ауырлай түседі.

Сонымен қатар жыл сайын артық салмақ қосатынымыз бар. Өз кезегінде ол денсаулығымызға оң әсер етпейді. Артық май бауыр қызметіне зиянын тигізеді. Әсіресе артық салмақ пен арақтың үйлесуі – әйел адамдар үшін зиянды. Осы себепті семіздікке бейім әйелдер еркектерге және сымбатты құрбыларына қарағанда тез масаяды.

Денсаулық категориясындағы басқа сұрақтар
1
Admin

Менструалдық цикл дегеніміз не?

1
Nazarkhan

Стресс дегеніміз не?

1
Nazarkhan

Пандемия дегеніміз не?

1
Nazarkhan

Антисептик дегеніміз не?

1
Nazarkhan

Бронхит дегеніміз не?