Соңғы жаңалықтар
Сұрақтар мен жауаптар
Жұлдыз

Нобель сыйлығы туралы қызықты деректер бар ма?

Пікір
Айнагүл
04 Қараша, 16

Нобель сыйлығы туралы деректер:

  • 28 ақпан және 21 мамырда дүниеге келген ғалымдар Нобель сыйлығын көбірек алған.
  • Нобель сыйлығы иегерінің орташа жасы - 59 жас.
  • Лоренс Брегг - Нобель сыйлығын иемденген ең жас ғалым. Ол сыйлықты 25 жасында алған. 
  • Ең егде жастағы Нобель сыйлығы иегері - 90 жастағы Леонид Гурвиц.
  • Альфред Нобелдің өсиет хатында сыйлық берілуі тиіс ғылымдар қатарында экономика жоқ. Оны 1969 жылы Швеция Банкінің бастамасымен бере бастады. 
  • Альберт Энштейн шамамен 60 рет Нобель сыйлығына ұсынылған. 
  • 1925 жылы әдебиет бойынша Нобель сыйлығы Бернард Шоуға берілген. 
  • Әйгілі үнділік зорлықпен күрескер Махатма Ганди Нобель сыйлығына 12 рет ұсынылғанымен, сыйлықты иелене алмады.
  • 1935 және 1939 жылдары Бенито Муссолини мен Адольф Гитлер әлемдік Нобель сыйлығына ұсынылған.
  • Нобель сыйлығына ұсынылғандар арасында Лев Толстой, Э.М.Ремарк сынды танымал жазушылар да бар. 
Ғылым және техника категориясындағы басқа сұрақтар
1
Salima Bagashar

Болашақтың түрмесі: 2 минут ішінде 10 жыл өтетін жазаны елестете аласыз ба?

Жаңа концепт ұсынылды: Cognify деп аталады. Мұнда жазасын өтеуші нақты түрмеде емес, өз санасында болады. Уақыт ағымы — жасанды. Сырт көзге 2 минут қана өтеді, бірақ санада — 10 жыл. Психологиялық, эмоциялық, уақыттық қысым шынайы түрмеден де ауыр болуы мүмкін дейді зерттеушілер.

Бұл әдіс “гуманды” деп есептеле ме? Әлде бұл — азаптаудың жаңа түрі ме? Жазаны тездету — қоғам үшін тиімді, бірақ адам психикасы бұған дайын ба?

Қазақ қоғамы мұндай әдіске қалай қарайды деп ойлайсыз?

1
Ерлан

Ғарышқа ең алғаш ұшқан ғарышкер кім?

1
Айғаным

Мұнайдан қандай өнімдер алуға болады?

1
Болатбек

Ең үлкен планета қандай?

1
Қырмызы

Күнге ең жақын орналасқан қай планета?