Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
Дәрігер күрекпен қар тазалаудың денсаулыққа кері әсерін атады
Түнде жалаңаш белгісіз рәсім жасаған мыстан ұсталды
Дәрігер қартаюды тездететін өнім түрлерін атады
Әйел мейрамханада абайсызда адам еті қосылған салатты жеп қойған
Apple компаниясы жақында патенттеген смарт сақинаның ерекшелігін атады
164 рет кездесуге барып, сүйіктісін тапқан ару сәтті некенің сырын айтты
"Жеке өмірге уақыт жоқ": Желіде жаңа буын жастары 8 сағаттық жұмыс кестесіне шағымданды
70 жасында егіз босанған кейуананы күйеуі тастап кетті
Мамандар есте сақтау қабілетін арттырудың ең тиімді жолын айтты
Түркістан облысында екі күн бойы іздеуде болған 4 жасар баланың денесі табылды
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Cайтқа кіру
Ең танымал
Барлық айдарлар
Мақал-мәтелдер
49
Қазақтың салт-дәстүрлері
13
Эссе мен шығармалар жиынтығы
23
Нақыл сөздер
7
Жұмбақтар
2
Білім, ҰБТ
207
Денсаулық
192
Махаббат
18
Мерекелер
25
Тарих
54
Құттықтау тілектер
39
Сценарий
6
Үйлену тойы
13
Дін
81
Кино мен ТВ
2
Ұстаздарға
12
Танымал тұлғалар
90
Қазақ әдебиеті
121
Компьютер және интернет
17
Қазақстанның көрнекі жерлері
20
Әлем бойынша
38
Қоғам және саясат
70
Жануарлар және өсімдіктер
58
Жұлдызнама және жорамал
17
Түс жору
17
Ғылым және техника
48
Сән және сұлулық
48
Заңгерлік кеңес
16
Әртүрлі
249
Қаржы кеңесшісі
11
Ойындар
10
Әрқайсысымыз өмірде белгілі бір дүниелерге ұмтыламыз: белгілі бір мамандық иесі болғымыз келеді, белгілі бір жерлерді саяхаттағымыз келеді, бір нәрселерді сатып алғымыз келеді. Мақсат – өмірдегі шамшырақ секілді. Адамды өмір жолында адастырмай, тура жолда алып жүреді. Сондықтан мақсатты айқындап алу өте маңызды.
Ал мақсат өзімізге және айналамыздағыларға зиянды болмағаны және тәніміз бен жанымызға пайдалы болғаны абзал.
Мақсат – адамның өз әрекеттері арқылы жетуге талпынатын нәтижесі. Мысалы, біз белгілі бір мамандық иесі болу үшін, соны растайтын диплом алу үшін оқуға түсеміз. Ал оқу барысында білім алып, қабілеттерімізді дамытумен қатар, көптеген достар арттырамыз, қызықты сәттерді бастан өткереміз. Түрлі іс-шараларға қатысып, тәжірибемізді арттырамыз. Түрлі адамдармен араласып, көңіл көкжиегімізді кеңейтеміз. Кейіннен күліп отырып еске алатын мыңдаған естеліктер жадымызда қалады. Яғни алдымызға мақсат қоюдың өзі ғана емес, мақсатқа жету жолы да маңызды рөлге ие. Өзіне ұнайтын, адам үшін маңызды болып табылатын мақсаттарға жету жолының өзі адамды шабыттандырады. Сәйкесінше әр сәттен ләззат алып, бақытты сезінеді. Ал мақсатқа жету адамның үнемі сол жолда әрекет етуін, үлкен ерік-жігерін талап етеді. Ол ерлік кездескен қиындықтарды жеңуге, басқалардың пікіріне тәуелді болмауға, ештеңеге қарамай алға ұмтылуға көмектеседі.
Ал арман мен мақсаттың айырмашылығы қандай? Меніңше, олар өзара өте тығыз байланысты. Мақсат армандардан туатын секілді. Мақсат нақты әрекеттерді талап етсе, арманда еркіндік, абстрактілік басым болады. Мүмкіндіктеріңе, байлығыңа, қабілет-қарымыңа қарамай армандай беруге болады. Бала күнімізде бәріміз де армандадық, соның біраз бөлігі өмірлік мақсаттарға ұласты.
Мақсаттар әр түрлі болып келеді. Ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді; адам өмірінің әр саласына байланысты да бөліне береді. Сонымен қоса, өмірдің әр кезеңінде актуалды болатын мақсаттар болады. Мәселен, оқушы кезде жақсы оқып, аттестат алу болса, одан кейін жақсы мамандық иесі болу, отбасын құру, балалы болу, көлік алу, үй салу, т.б. Сәйкесінше әр адамда бірнеше мақсат болуы да мүмкін.
Менің қазіргі таңдағы басты мақсатым – жақсы мамандық иесі болу. Дәрігер болғым келеді. Адамзатқа сол салада пайдалы болуды – негізгі мақсатым деп білемін. Жарасын таңып, ауруын аз да болса жеңілдеткім келеді. Қай кезеңде, қай заманда болсын, бұл мамандық өзінің маңыздылығын жоймайды. Адамзат өз ісінің білгірі ақ халатты абзал жанға қашанда зәру. Ал үлкен мақсатыма жету үшін, бар күшімді салып сабағымды жақсы оқуға тырысып жүрмін: тек баға үшін ғана емес, білікті маман болу үшін, өз ісімнің шебері болуым үшін. Кішкентайдан армандаған мамандығым енді негізгі мақсатыма айналып отыр.
Одан бөлек басқа да мақсаттарым жетерлік: аз уақыт АҚШ-та өмір сүргім келеді, олардың өмірін, тыныс-тіршілігін танып, адамдарымен араласқым келеді. Америкалықтардың өмірі маған бұрыннан қызық: адамдары, білім беру жүйесі, медицинасы, тамағы – бәрін де өз көзіммен көргім келеді. Бұл үшін ағылшын тілін жақсы игеруім керек және осы жолда қазірде жұмыс жасап жатырмын.
Тағы бір мақсатым: көлік жүргізіп үйрену. Болашақта өз көлігім болғанын қалаймын.
Әрбір орындалған мақсат тағы басқа мақсаттарды тудыруы қажет. Егер адам шын қаласа, қанша уақытын алмасын, қандай қиындықтар кездеспесін, кез келген мақсатына жетеді. Мақсатсыз адам меніңше, тоқтап қалатын сияқты. Әр адамның дамуы үшін, алға жылжуы үшін мақсаттың орны ерекше деп білемін. Сондықтан мақсатымды айқындап, соған жету жолында аянбай еңбек етемін.
Менің мақсатым
Адам баласы кемелденіп, өзін ұштау үшін алдына мақсат қойып, діттегеніне жете білуі қажет. Мен кішкентай күнімнен жазушы болуды армандаймын. Мақсатым мен арманым ұштасып жатыр. Жазушы болып, өмір шындығын бейнелеп, адамдарға-күш жігер беретін шығармалар жазсам деймін. Өмір болған соң барлығы да болады. Адамдар қуанады, жабығады. Еңсесі түсіп, жігері құм болған кезде бір ауыз жылы сөздің өзі бойына шипа, дертіне ем болуы мүмкін. Өкініштісі сол, бір-бірімізді бірден түсініп, қажет кезінде көмек қолын соза бермейміз. Бір ауыз жылы сөздің өзін оңайлықпен айта қоймаймыз. Ал оның өзгенің өміріне ықпалы болар ма еді?..
Мен жылағанның жасын құрғататын, жабыққанды құшағына қысатын, еңсесі түскенге жігер беретін, қайсар рух сыйлайтын, өмірмен күресуге үндейтін туындылар жазғым келеді. Оқып отырып, жан жарасын емдеп, күш алып, қанаттанса деймін. Сөздің қасиеті үлкен ғой. Жылы сөзбен жандарын емдесем деймін. Сонда әлемнің бақытты болуына тамшыдай болсын үлес қосар едім.