Соңғы жаңалықтар

Сұрақтар мен жауаптар

Хамит

Филология дегеніміз не?

Пікір

Жолдас
08 Қараша, 16

Филология - тілде және әдеби туындыларда көрініс беретін халықтар мәдениетін зерттейтін ғылымдар жиынтығы. Даль сөздігінде "филология" - көне, өлі тілдерді зерттейтін ғылым, тірі тілдерді зерттеу - лингвистика. Лингвистика әркез филологияға қосыла бермейді: біріншіден, лингвистика міндетті түрде мәтіндерді зерттемейді, екіншіден, әр уақытта мәселенің мәдени жағын қарастыра бермейді. Дәстүрлі түрде филологияға жатқызылатын басқа пәндерге қарағанда, лингвистика үшін нақты ғылымдарға жақындық тән. Ресейде лингвистика филология факультетінде оқытылады. Ал Батыс Еуропа мемлекеттері мен Америкада филология деп көне және ортағасырлық мәтіндерді зерттейтін ғылым саласын атайды. Тіл мен тіл теориясын зерттеу жеке пән ретінде қарастырылады. 

Ғылым және техника категориясындағы басқа сұрақтар
1
Salima Bagashar

Болашақтың түрмесі: 2 минут ішінде 10 жыл өтетін жазаны елестете аласыз ба?

Жаңа концепт ұсынылды: Cognify деп аталады. Мұнда жазасын өтеуші нақты түрмеде емес, өз санасында болады. Уақыт ағымы — жасанды. Сырт көзге 2 минут қана өтеді, бірақ санада — 10 жыл. Психологиялық, эмоциялық, уақыттық қысым шынайы түрмеден де ауыр болуы мүмкін дейді зерттеушілер.

Бұл әдіс “гуманды” деп есептеле ме? Әлде бұл — азаптаудың жаңа түрі ме? Жазаны тездету — қоғам үшін тиімді, бірақ адам психикасы бұған дайын ба?

Қазақ қоғамы мұндай әдіске қалай қарайды деп ойлайсыз?

1
Ерлан

Ғарышқа ең алғаш ұшқан ғарышкер кім?

1
Айғаным

Мұнайдан қандай өнімдер алуға болады?

1
Болатбек

Ең үлкен планета қандай?

1
Қырмызы

Күнге ең жақын орналасқан қай планета?