Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Велосипедтің пайдасы қандай?

Талқылау
Пікір
Ақнұр
08 Қараша, 16

Велосипедтің пайдасы:

  • Велосипед тебу жүрек-қан тамырлар аурулары, сусамырдың 2-түрі, қатерлі ісік ауруларының пайда болу қаупін төмендететіні дәлелденген. 
  • Велосипед тебу күш-қуатыңызды арттырып қан қоймай, ұйқы сапасын жақсартады. Бірақ сарапшылар ұйқыға жатардан 4 сағат бұрын велосипед тебудің дұрыс емесін айтады.
  • Зейінді арттырып, миды ынталандырады. Тепкіні айналдыру қанның аяқтан миға қарай айналуын жақсартады. Өз кезегінде ол зейінге әсер етеді. 
  • Велосипед жастықты сақтауға көмектеседі. Басқа да физикалық белсенділік сияқты, тұрақты түрде велоспортпен айналысу терінің сұлулығын, серпімділігін сақтайды. 
Парасат
08 Қараша, 16

Велосипедтің пайдасы:

  • Күйзелістен арылуға көмектеседі. Күнделікті шаруалар мен қиындықтар іште жиналып қалып,  күйзеліс деңгейін арттырады. Өзіңізге жақсылық жасап, велосипедпен серуендеңіз. Оның тамаша емдік қасиетін да байқайсыз. Велосипед тепкісін белсенді теуіп, назарыңызды соған аударыңыз. Ол жағымсыз ойлардың туындауына тосқауыл болады. л тепкіні айналдыру медитация ретінде әсер етеді.
  • Велосипед тебу тәбетті қадағалауға көмектеседі. Мұндай жаттығу көп тамақ жеуді қалауды бәсеңдетеді.
  • Күш-қуат деңгейін арттырып, бақыт сезімін сезіну үшін небары 30 минут велосипедпен серуендеу қажет. Велосипед адамды ынталандырып, күнделікті шаруаларды орындау үшін күш-қуат береді. 
Денсаулық категориясындағы басқа сұрақтар
1
Ерасыл
1 жыл бұрын пайда болды

Шынашақ деген қай саусақ?

1
Admin
1 жыл бұрын пайда болды

Менструалдық цикл дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Стресс дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Пандемия дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Антисептик дегеніміз не?