Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
Қытайлық миллиардер Екібастұз ГРЭС-3 электр станциясын салу бойынша тендерді жеңіп алды
Түркістан облысында 15 жастағы қыз 71 жастағы туысынан жүкті болып қалған
Танымал ресейлік журналист Юрий Дудь Қазақстанға келсе тұтқындалуы мүмкін екенін мәлімдеді
Елімізде 28 адамға "Қазақстан" есімі берілген
Орынбор газ өңдеу зауытына жасалған дрон шабуылынан кейін Қарашығанақ кен орны өндірісін азайтуға мәжбүр болды
Республикалық бюджет – "AMANAT" партиясы мен Үкіметтің ортақ жауапкершілігі
Қазақстандық көпбалалы ана "Асар Уме" қайырымдылық қорын апатты үй берді деп айыптады
Қазақстандық ірі компаниялар отандық футболды қаржыландырмақ
Қазақстандық әйелді "тегін фотосессия" жасап беремін деп алаяқтық схемаға тығып жіберген: Енді оны қылмыстық жауапкершілік күтіп тұр
"Шам үрлеуге болмайды": Имам мұсылмандарға туған күнді қалай атап өтуге рұқсат етілгенін айтып берді
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою
Білім, ҰБТ категориясындағы басқа сұрақтар
"Абай дана, Абай дара" шығарма бар ма?
1
1
1
1
1
Cайтқа кіру
Ең танымал
Барлық айдарлар
Мақал-мәтелдер
49
Қазақтың салт-дәстүрлері
14
Эссе мен шығармалар жиынтығы
23
Нақыл сөздер
7
Жұмбақтар
2
Білім, ҰБТ
207
Денсаулық
191
Махаббат
18
Мерекелер
25
Тарих
54
Құттықтау тілектер
39
Сценарий
6
Үйлену тойы
15
Дін
81
Кино мен ТВ
2
Ұстаздарға
13
Танымал тұлғалар
90
Қазақ әдебиеті
121
Компьютер және интернет
17
Қазақстанның көрнекі жерлері
20
Әлем бойынша
38
Қоғам және саясат
72
Жануарлар және өсімдіктер
58
Жұлдызнама және жорамал
17
Түс жору
17
Ғылым және техника
49
Сән және сұлулық
48
Заңгерлік кеңес
17
Әртүрлі
256
Қаржы кеңесшісі
12
Ойындар
10
(Жалғасы) Абай осы зәрулікті түсінгендіктен де ел тіршілігінен бойын аулақ сала алмады. Бұқара халықтың қалауымен біраз жыл әкімшіліктің билік ісіне араласты. Бірде төреші, бірде төбе би бола жүріп, ел ішінің тыныштығын көздейтін, зорлықшыны тезге салып, жәбірленушінің теңдігін әперетін жерде өзінің ақыл-парасаты мен қажыр-қайратын іркіп қалған жоқ. Сөйтіп жүріп ол халықтың Абайы атанды.
Сондағы оны әсіресе толғандырған өзекті проблема туған халқының тағдыры, соның болашағы еді. Ақын осыны ойлап толғанды; тығырыққа қамалып, тұйыққа тірелген елінің келешегін ойлап күйзелді. Сол тасқамаудан қол ұшын беріп шығаратын басқа күш жоқ екенін, жол тауып шыға алатын халықтың өзі ғана екенін түсінгендіктен де, сөзін қайта-қайта соған арнады. Елдікке шақырып, емірене айтты; талмай шегелеп, ұығындыра айтты; ағынан жарылып, жалбарына айтты. Тіпті сөзі өтпей бара жатқанда, шымбайына батырып, ызалана айтты.
Абай - өз заманының жыршысы. Оның шығармалары - сол заманның шежіресі. Оларда сол кездегі қазақ қауымының тұрмыс-тіршілігі барлық ерекшеліктерімен, тек өзіне ғана тән белгі-бедерімен, өзіндік бояу-өрнектерімен мейлінше айқын да толық бейнеленген.
Ұлы суреткен Мұхтар Әуезовтің ақын өміріне арналған эпопеясын халқының дәл сондай ауызы уәлі, беделді азаматы, Ұлттық ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаев ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ өмірінің энциклопедиясы деп бағаласа, көркемдік ойдың осынау іргелі ескерткішіне арқау болған шығармашылық өмірбаянын да сол дәуірдің ең бір дәлелді деректерінің қатарында қабылдай аламыз.
Абайдың өмірі мен шығармашылық қызметі отарлау саясатының осы үшінші кезеңінің дәуірлеп тұрған шағына тұспа-тұс келеді. Әкесі Құнанбай ағасұлтандық құрып тұрғанда, сол әке ырқымен оқудан шығарып алынып, ел билігінің шет жағасына араластырылған жас жігіт кейін, елдің әлеуметтік саяси өміріне елеулі өзгеріс енгізіліп, тұрмыс-салты мүлде басқа арнаға түсіріле бастаған кезде де сол ел тіршілігінен қол үзе алмай, неше түрлі талас-тартыс пен дау-шардың қалың ортасында қалып қояды.