Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
Алматыға "Қайраттың" чемпиондар лигасындағы кезекті қарсыласы "Пафос" футболшылары келді
Еркін Тапалов ұлттық құрамаға неге шақырту алмады? — футболшының өзі себебін айтты
БҚО-да нарколог дәрігер науқастарының жеке деректерін желіде жариялап жіберген
Екібастұз ГРЭС-3 электр станциясын Қытайлық миллиардер салады
Түркістан облысында 15 жастағы қыз 71 жастағы туысынан жүкті болып қалған
Танымал ресейлік журналист Юрий Дудь Қазақстанға келсе тұтқындалуы мүмкін екенін мәлімдеді
Елімізде 28 адамға "Қазақстан" есімі берілген
Орынбор газ өңдеу зауытына жасалған дрон шабуылынан кейін Қарашығанақ кен орны өндірісін азайтуға мәжбүр болды
Республикалық бюджет – "AMANAT" партиясы мен Үкіметтің ортақ жауапкершілігі
Қазақстандық көпбалалы ана "Асар Уме" қайырымдылық қорын апатты үй берді деп айыптады
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою
Танымал тұлғалар категориясындағы басқа сұрақтар
Мұхтар Мағауин туралы не білесіздер?
1
0
1
Рауан
7 жыл бұрын пайда болды
Мырзағали Айтжановтың қазақ тілінде өмірбаяны бар ма?
Мырзағали Айтжановтың өмірбаяны
4
2
Cайтқа кіру
Ең танымал
Барлық айдарлар
Мақал-мәтелдер
49
Қазақтың салт-дәстүрлері
14
Эссе мен шығармалар жиынтығы
23
Нақыл сөздер
7
Жұмбақтар
2
Білім, ҰБТ
207
Денсаулық
191
Махаббат
18
Мерекелер
25
Тарих
54
Құттықтау тілектер
39
Сценарий
6
Үйлену тойы
15
Дін
81
Кино мен ТВ
2
Ұстаздарға
13
Танымал тұлғалар
90
Қазақ әдебиеті
121
Компьютер және интернет
17
Қазақстанның көрнекі жерлері
20
Әлем бойынша
38
Қоғам және саясат
72
Жануарлар және өсімдіктер
58
Жұлдызнама және жорамал
17
Түс жору
17
Ғылым және техника
49
Сән және сұлулық
48
Заңгерлік кеңес
17
Әртүрлі
256
Қаржы кеңесшісі
12
Ойындар
10
(Жалғасы) Мағауиннің көркем шығарма жазуда өзіндік ерекшелігі бар. Ол образ жасауды, тарихи деректерді дөп баса қолдануды, тіл көркемдігін шебер меңгерген. Қаламгердің "Ұлтсыздану ұраны" кітабы бүгінгі қазақ қоғамындағы мемлекеттік мәселені алға тартқан. "Ғасырлар бедері", "Қобыз сарыны" зерттеу еңбектерінде қазақ халқы әдебиетінің негізгі, өзекті мәселелері көтерілген. Қазақ тарихын сонау замандардан бастап сөз ететін "Қазақ тарихының әліппесі" еңбегі тарихтан сыр шертіп қана қоймай, оқырмандар жүрегіне асқақ рух, патреоттық сезім сыйлайды.
(Жалғасы) Мұхтар Мағауин өте білімді ғалым, дарынды жазушы. Ол әдебиетті де, тарихты да зерттеді. Жазушы жазған еңбектердің тірелетін нүктесі - қазақ халқының тағдыры, ұлттың болмысы, ұрпақтың келешегі мен бабалар өнегесі, қазақтың тілі мен ділі еді.
Жазушы шығармашылық жолын әдеби зерттеулерден бастаған. Мұнан соң тек жазушылықпен шұғылданып, көркем шығармаға жазуға бет бұрды. Оның тұңғыш туындысы 1964 жылы "Жұлдыз" журналы бетінде жарық көрген - "Кешқұрым" әңгімесі. Мағауиннің "Ақша қар", "Қияндағы қыстау", "Көк кептер" әңгіме, повестері, "Көк мұнар", "Шақан шері" романдары, "Аласапыран" тарихи роман-диалогиясы жарық көрген. Түрлі тақырыпты, мәселені қозғаған бұл көркем туындылардың қайсібірін алсақ та, барлығы оқырмандар көңілінен шығып, әдеби ортаның назарын аударып, жұртының жүрегіне жол тауып жатты. Жазушыны қалың бұқараға танымал еткен - "Әйел махаббаты" әңгімесі. Ол 1969 жылы "Жұлдыз" журналында басылған.
Мұхтар Мағауин 1940 жылы Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Баршатас ауылында дүниеге келген. Ол - көрнекті жазушы, әдебиет зерттеушісі, ғалым. Жазушы бала күінен зерек, қабілетті болған. Ол кітапты көп оқып, білімге құмар болған. Мектеп қабырғасында барлық пәндерді жақсы оқыған. Сол кезде қазақ әдебиетіне етене жақын болып, қазақ әдебиетімен қатар әлем әдебиетінің үздік туындыларын білген. Хакім Абай туған жерде дүниеге келіп, сол жердің ауасын жұтып, суын ішкеннен кейін де заңды түрде Абай өлеңдерін жатқа білген. Оған қоса жазушының бала күндерінде Шәкәрім Құдайбердіұлының есімін ауызға алуға болмайтын. Оған қарамастан бала Мұхтар Шәкәрім туралы қариялардан біліп, өлеңдерімен де таныс болған.
Мектепті алтын медальмен бітірген Мағауин Алматыға келіп, Қазақ мемлекеттік университетінде білім жалғастырады. Аспиратурасын тәмамдаған жазушы қазақтың хандық дәуір әдебиетін зерттеп, диссертация қорғайды. Төккен тер мен еңбегінің, ізденістің нәтижесінде қазақ әдебиеттану ғылымына маңызды, елеулі жаңалық енгізген.