Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
Олимпиаданың алғашқы күнінде алты қазақстандық спортшы бақ сынайды
Украинадағы соғыста 55 мың сарбазымыз қаза тапты – Зеленский
Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында қазақстандықтар туымызды көтеріп шықты
Көкшетауда еуропалық деңгейдегі жаңа стадион салынады
Shell бас директоры сот дауларына байланысты Қазақстанға жаңа инвестициялар уақытша тоқтатылатынын мәлімдеді
Қазақстан соты Украинадағы соғыстан қашып келген ресейлік әскериге саяси баспана беруден бас тартты
Алматыда жүргізушісіз таксилердің қашан іске қосылатыны белгілі болды
Ұлын оқуға түсірмек болған қазақстандық әйел 2,5 миллион теңгесінен айырылды
Пәкістандағы мешітте жұма намазы кезінде жарылыс болып, 30-дан аса адам қаза тапты
Дэвис кубогы: Қазақстан мен Монако матчында таразы басы теңесті
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Cайтқа кіру
Ең танымал
Барлық айдарлар
Мақал-мәтелдер
49
Қазақтың салт-дәстүрлері
14
Эссе мен шығармалар жиынтығы
23
Нақыл сөздер
7
Жұмбақтар
2
Білім, ҰБТ
207
Денсаулық
191
Махаббат
18
Мерекелер
25
Тарих
54
Құттықтау тілектер
39
Сценарий
6
Үйлену тойы
15
Дін
81
Кино мен ТВ
2
Ұстаздарға
13
Танымал тұлғалар
90
Қазақ әдебиеті
121
Компьютер және интернет
17
Қазақстанның көрнекі жерлері
20
Әлем бойынша
38
Қоғам және саясат
72
Жануарлар және өсімдіктер
58
Жұлдызнама және жорамал
17
Түс жору
17
Ғылым және техника
49
Сән және сұлулық
48
Заңгерлік кеңес
17
Әртүрлі
256
Қаржы кеңесшісі
12
Ойындар
10
Бәйгеде жеңімпаздарды анықтау үшін қатысушылардың алған орындарына сәйкес, яғни бірінші орындағы бір, екінші орындағы екі, үшінші орындағы үш, тағы солай-солай ұпай алады. Егер жарыс аттары көп болып, бірнеше топқа бөлініп жіберілсе, онда орындар әрбір бәйгеге қатысушы шабандоздың көрсеткен уақыты бойынша анықталады. Егер сөреден бірдей уақытта өтсе, қай сәйгүліктің басы сәл ғана алда болса, сол спортшының жеңіске жеткені болып есептеледі.
Аламан бәйгеде жүйрік, жарыс аттары 20-100 шақырымдық қашыққа шабады. Оның жолында айналып өтетін көл, сай-сала, бел-белестер тәрізді кедергілі жерлер болуға тиісті. Аламан бәйге үлкен тойда, үлкен аста, торқалы тойлар мен зор мерекелерде жарияланады.
Аламан бәйгеге жасы 20-ға толған және 20-дан асқан жаттықтырушының жеткілікті дәрежедегі даярлығынан өткен шабандоз-спортшы ғана қатысады. Аламан бәйгенің аты айтып тұрғандай, бұл жарысқа әбден шыңдалған, төзімділік пен ержүректілікті қажет ететін спортшы мен сәйгүлік қана төтеп бере алады. Жарыстың қашықтығынын 20-100 км ұзақтығында өткізетін ұйым белгілейді. Шауып өтетін жол айнала шабатын, сондай-ақ жұмсақ тура жолы бар ипподромда өткізіледі.
Бәйге жарысы - халық арасында ең көп тараған ат спорты. Жергілікті жерлерде және мерекелерде қысқа және орташа қашықтыққа бәйге өткізіледі. Бүгінде әр қалада, ауылда, аудан орталықтарында спорт жанкүйерлерінің ұйымдастыруымен түрлі ат жарыстары өткізіліп, оған қомақты сыйлықтар да тағайындалуда.
Бәйгеде шабандоздың біліктілік шеберлігінің маңызы аса зор. Өйткен жарыс кезінде сәйгүлік қанша жүйрік болғанымен, онығ шамасына қарай керек жерінде басын іркіп немесе қоя беріп отырғанда ғана жеңіске жетуі әбден мүмкін.
Бәйгедегі классификациялық қашықтықтар 7-16 км аралығында. Осы қашықтықтар бойынша спортшы сәйгүлікке дереже береді.
Тегіс жерде қысқа және орташа қашықтықта кедергісіз өткізілетін жарыстарға 18 жасқа толған және одан жоғары жастағы шабандоз жаттықтырушының оұқсатымен ғана жіберіледі. Бәйге сәйгүлігі 5 жаста және одан да асқан болуы керек. Қашықтықтың ұзақтығын жарысты өткізетін ұйым анықтайды. Ол 7 км-16 км аралығында болады. Жарыс тегіс, жұмсақ жерде айналма қашықтықта немесе арнайы ипподромда өткізіледі.