БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Қарға туралы деректер білесіздер ме?

Талқылау үшін сайтқа кіріңіз
Ғабит
Жауап қалдырылды: 25 Қараша, 16

Қарға туралы деректер: 

  • Қарғалар еңбек құралын жасай алады. Десе де барлығы емес. Тек жаңакаледониялық қарға ғана. Егер оларға ағаш ағаш қабығының астынан "дәмді" қоңызды алып шығу керек болса, өз тұмсықтарына зиян келтірмейді. Оның орнына бұтақтан тісшұқығышқа ұқсас құрал жасайды да, онымен "дәмді  асын" ағаш қабығының астынан шұқып алып жейді. "Шұқығыш таяқ" жасау қабілеті оларға туа бітті табиғатынан берілетіні қызық. Қарғалар балапандарына мұны арнайы үйретпейді.
  • Үлкен топтаррға бірікпейді. Әдетте адам көп жерлерден аулақта тіршілік етеді. 
  • Қарғалар санай алады. Егер оған жем салынған екі ыдыс ұсынсаңыз, ол жем көп салынғанын таңдайды. Мысалы, бір ыдысқа 14 қоңыз, екіншісіне 15 қоңыз салсаңыз, сіз араларындағы айырмашылықты бірден аңғармайсыз. Ал қарғалар оларды санап, қайсысында көп екенін анықтап үлгереді. Сонымен қатар қарғалар санды тани алады. Нәтижесінде санның қайсысы көп, қайсысы аз екенін ажырата алады. 
Ғабит
Жауап қалдырылды: 25 Қараша, 16

Қарға туралы деректер:

  • Қарғалар үшін рекордты өмір ұзақтығы 50-75 жылды құрайды. Бірақ өмір сүру ұзақтығының мұнан да көп екені жайлы деректер бар.
  • Қарғалар естіген дыбыстарын қайталап, басқа құстардың дауысын сала алады. Тіпті, үйреткен жағдайда адамның да дауысын салады.
  • Қарғалар - адал достар. Егер қарғалардың бірі жарақаттанып қалса, өзгелері қамқорлық танытып, толық жазылғанша қоректендіреді.
  • Қарғалар жұптасып тіршілік етеді. Оған қоса жұбын бір рет өмір бойына таңдайды.
Жануарлар және өсімдіктер категориясындағы басқа сұрақтар