Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Анхель сарқырамасы туралы деректер бар ма?

Талқылау үшін сайтқа кіріңіз
Жомарт
Жауап қалдырылды: 16 Қаңтар, 17

Анхель сарқырамасы туралы деректер:

  • Анхель сарқырамасы - әйгілі Ниагара сарқырамасынан 15 есе биігірек. 
  • Сарқыраманың биіктігі сонша, су жерге жетпестен бұрын тозаңға айналып, мұнарланады. Оны сарқырама маңынан бірнеше километр жерден сезуге болады.
  • Анхель сарқырамасының маңында өсетін өсімдіктердің үштен бірі әлемнің басқа түкпірінде кездеспейді.
  • Анхель сарқырамасы жаңбыр суының есебінен толады. 
  • Джимми Эйнджелдің ұшу сапарында әйелі жанында бірге болған. Олар Тепуиден түсер еңісті таппай, джунглиде 11 күн адасып жүрген. 
  • Ауян-Тепуи тік құзын алғаш рет 2005 жылы халықаралық ағылшын-венесуэло-ресейлік алпинистер мен құзға өрмелеушілер бағындырған. 
  • 2009 жылы Венесуэла президенті Уго Чавес Анхель сарқырамасының атауын Керепакупаи-Меру атауына өзгерту жөнінде мәлімдеген (үндіс тілінде Керепакупаи - көктамыр, Меру - сарқырама). Артынша Чавес сарқырама атауын өзгерту жөніндегі шешімін заңдастырмайтынын, тек осы ойы арқылы үндістердің көне атауларды қолдану құқығын қорғағысы келгендігін хабарлаған. 
Саяхат және туризм категориясындағы басқа сұрақтар