Соңғы жаңалықтар
Сұрақтар мен жауаптар
Назым

"Менің қолымнан бәрі келеді" шығарма бар ма?

Пікір
Жұлдыз
03 Ақпан, 17

Менің қолымнан бәрі келеді

Адам баласы кемелденіп, өзін ұштау үшін алдына мақсат қойып, діттегеніне жете білуі қажет. Мен кішкентай күнімнен жазушы болуды армандаймын. Мақсатым мен арманым ұштасып жатыр. Жазушы болып, өмір шындығын бейнелеп, адамдарға-күш жігер беретін шығармалар жазсам деймін. Өмір болған соң барлығы да болады. Адамдар қуанады, жабығады. Еңсесі түсіп, жігері құм болған кезде бір ауыз жылы сөздің өзі бойына шипа, дертіне ем болуы мүмкін. Өкініштісі сол, бір-бірімізді бірден түсініп, қажет кезінде көмек қолын соза бермейміз. Бір ауыз жылы сөздің өзін оңайлықпен айта қоймаймыз. Ал оның өзгенің өміріне ықпалы болар ма еді?.. 

Мен жылағанның жасын құрғататын, жабыққанды құшағына қысатын, еңсесі түскенге жігер беретін, қайсар рух сыйлайтын, өмірмен күресуге үндейтін туындылар жазғым келеді. Оқып отырып, жан жарасын емдеп, күш алып, қанаттанса деймін. Сөздің қасиеті үлкен ғой. Жылы сөзбен жандарын емдесем деймін. Сонда әлемнің бақытты болуына тамшыдай болсын үлес қосар едім. 

Білім, ҰБТ категориясындағы басқа сұрақтар
1
Nazarkhan

Дидактика дегеніміз не?

1
Nazarkhan

Антитеза дегеніміз не?

1
Nazarkhan

Хикаят дегеніміз не?

1
Nazarkhan

Коучинг дегеніміз не?

1
Nazarkhan

Вебинар дегеніміз не?