БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Қандай тағамдар теріні бұзады?

Талқылау
Пікір
Бақытжан
14 Наурыз, 16

Теріңіздің сұлулығын бұзатын тағамдар:

  • Шоколад және құрамында қант мөлшері көп тағамдар. Тазартылған қант бетіңіздің серіппелілігін, балғындығын сақтайтын коллагенді талшықтардың зақымдалуына алып келеді. Тәтті тағамдарды көп тұтыну теріңіздің ерте қартаюына сеп болады.
  • Тұздалған және маринадталған тағамдар. Тұздың шамадан тыс мөлшері көзіңіздің айналасының ісініп, көз астының күлдіреп тұруына ықпал етеді. 
  • Ішімдік. Ішімдікті жиі ішуіңіз бетіңіздегі ұсақ қан тамырлардың кеңейіп, безеу қаптауына септігін тигізеді.
  • Қуырылған тағамдар. Құрамында сутектендірілген майдың шектен тыс мөлшері кездеседі. Ол теріңізге ғана емес, барлық ағзаңызға да зиянын тигізеді.
  • Консервілер. Тұздың, қанттың, сірке суының, қосындылардың шамадан тыс мөлшері тісіңіздің саулығын бұзып, теріңізді қартайтып, артық салмақ қосуыңызға алып келеді. Консервілеу барысында жасалатын өңдеу тағамдағы пайдалы заттарды жойып, тұтынатын тағамыңызды "өлі тағам" етеді.
  • Майлы тағамдар. Майлы тағамдарды жиі тұтыну салдарынан теріңіздің май бездерінің қызметі бұзылып, әжім түсе бастайды. Оған қоса, майлы тағамдар пайдалы заттардың сіуіне кедергі жасап, безеулердің пайда болуына алып келеді.
Денсаулық категориясындағы басқа сұрақтар
0
Бисенгалиева Алтынай Амантаевна
4 айы бұрын пайда болды

Жатқанда көкірек тұс неге тұншыққандай ауырады

Жатқанда көкірек тұс тұншыққандай неге ауысады? 

 

2
Жақсылық
2 жылы бұрын пайда болды

Шораяқты (артроз) қалай емдеуге болады?

Артрозды қалай емдеуге болады?
1
Маржан
2 жылы бұрын пайда болды

Мандариннің пайдасы қандай?

4
нурик
2 жылы бұрын пайда болды

Сваркіден ауырған көзге қандай ем қолдаса болады?