Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
Каспий теңізінен 3 күн бұрын батып кеткен балықшының денесі табылды
БҚО-да киіктер жаппай қырылып жатыр
"Анасы студентімен азаматтық некеде болған": Алматыдағы 4 жасар баланың өліміне қатысты тың деректер пайда болды
"Сапасыз, бір реттік киімдер": Министрлік Азия ойындарына қатысатын спортшылардың киіміне 110 млн теңге жұмсаған
Петропавлда тұрғын үй өртеніп, 20 жастағы әйел мен екі бала қаза тапты
Екібастұзда жақында ғана жөнделген жылу құбыры қайта жарылды
Семейде күтушіcі баланы өлтіріп, дәретханаға лақтырып жіберген
"Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы 2022 жылы негізгі басқарушы қызметкерлеріне 70 миллионнан аса сыйақы берген
Қолтырауындар өзенге құлап кеткен итті құтқарып қалды
Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева мен Жансая Әбдумәлік үлкен жанжалға нүкте қойды
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою
Білім, ҰБТ категориясындағы басқа сұрақтар
"Алматы - әсем қала" тақырыбында шығарма бар ма?
1
1
1
1
1
Cайтқа кіру
Ең танымал
Барлық айдарлар
Мақал-мәтелдер
49
Қазақтың салт-дәстүрлері
13
Эссе мен шығармалар жиынтығы
23
Нақыл сөздер
7
Жұмбақтар
2
Білім, ҰБТ
207
Денсаулық
192
Махаббат
18
Мерекелер
25
Тарих
54
Құттықтау тілектер
39
Сценарий
6
Үйлену тойы
13
Дін
81
Кино мен ТВ
2
Ұстаздарға
12
Танымал тұлғалар
90
Қазақ әдебиеті
121
Компьютер және интернет
17
Қазақстанның көрнекі жерлері
20
Әлем бойынша
38
Қоғам және саясат
70
Жануарлар және өсімдіктер
58
Жұлдызнама және жорамал
17
Түс жору
17
Ғылым және техника
48
Сән және сұлулық
48
Заңгерлік кеңес
16
Әртүрлі
249
Қаржы кеңесшісі
11
Ойындар
10
Алматы - әсем қала (Жалғасы 2)
Менің онымен таныстығым анашымның айтқан әңгімелерінен басталған шығар. Бұрын Шымкент қаласында тұрған анам ыстық ауа райына үйреніп қалған болатын. Ал Алматының Шымкентке қарағанда суық екені рас. Алайда ол тамыз айындағы Алматының ауа райын көріп, қатты таңқалған. Сол сәтте бұл қаланың өзіне бірден ұнайтынын түсінген. Бұл қала оны әсем табиғатымен, биік тауларымен, гүлдерінің жұпар иісімен таңқалдырған. Ал мен Алматыны басқа қырынан көрдім десем де болады. Себебі, бұл менің туған қалам. Оны ешбір мекенмен салыстыра алмаймын.
Мен туған қаламды жақсы көремін. Бұл жерде көптеген көркем жерлер мен түрлі ескерткіштер, мұражайлар бар. Қаланың ең көркем жерлерінің бірі – Хамит Ерғали жағалауы. Ол Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жанынан ағып өтеді. Оның жанында кішкене балаларға арналған ойын алаңдары бар.
Ал Көк-Төбенің әсем табиғатын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Оның биік нүктесінен Алматыны алақандағыдай көруге болады. Мұнымен қатар, Алматы қаласында “Мен қаламды шексіз сүйемін” атты жазуы бар автобустар жүреді.
Ауылға барып келген сайын қаламдағы өзгерістерді көріп қуанып қаламын. Күн сайын жаңа ғимараттар мен үйлер салынып жатады. Түрлі-түсті гүлдер көздің жауын алады.Мен бұл қаланы ерекше жақсы көремін.
Алматы - әсем қала (Жалғасы төменде, барлығы сыймайды екен)
Әр адамның өзінің сүйікті қаласы болады. Көп жағдайда адам өзінің балалық шағы мен ыстық естеліктер көп сақталған мекенді сүйікті қалам деп атайды. Сүйікті қалам! Оған міндетті түрде бір елдің астанасы немесе миллионер қала болу маңызды емес. Ол кішігірім, тыныш қала болуы мүмкін. Бастысы, жүрекке ыстық.
Әр қаланың адамдар секілді өзінің тағдыры, бет-бейнесі, мінезі бар. Мен өзімнің балалық шағым өткен, кішігірім Отаныма айналған қала туралы айтып бергім келеді.
Танысып қойыңыздар! Алматы – менің балалық шағымның аспаны. Мен осы жерде туып-өстім. Мен бұл қаланы ерекше жақсы көремін. Ол ешбір қалаға ұқсамайды. Сөзбен айтып жеткізе алмайтын сезім бар. Ол сезімді жақындарыма деген махаббатыммен ғана салыстыра аламын. Себебі, біз оларды белгілі бірнәрсе үшін емес, жай ғана өмірімізде бар болғандары үшін жақсы көреміз.
Менің жасым тоғызда. Өмірде көп нәрсені көрдім деп айта алмаймын. Десе де, туған қалам туралы уақыт өткен сайын жаңа деректер біліп жатырмын. Алматы – Қазақстандағы алып қалалардың бірі. Оны мемлекетіміздің екінші астанасы деп те атайды.
Алматы - әсем қала
Алматы - Адатаудың баурайында жатқан ғажайып қала. Оның көркіне көз тоймайды. Тамаша табиғаты аспанмен таласқан заңғар тауларымен, сарқырап аққан өзен-суларымен, көк майса, жасыл желегімен, нарттай алмасымен ерекше. Ал жылдан жылға саны артып жатқан зәулім ғимараттардың құрылысы мен көркін сөзбен айтып жеткізгісіз.
Әлемге дәмі тіл үйірер портымен танымал Алматының басты көрікті орындары - Медеу мұзайдыны, Шымбұлақ курорты, Көктөбені айтуға болады. Оларды тамашалап, өз көзімен көріп, табиғатына тамсану үшін әлемнің түкпір-түкпірінен жылына мыңдаған туристер келеді. Ал қаламыздағы Тұңғыш Президент саябағы, орталық цирк, Горький саябағы, орталық мұражай, Әуезов атындағы театр, Абай атындағы опера және балет театры сынды мәдениет орындары - халық көп баратын орындар.
Халық демалу үшін жиі баратын Көктөбеден Алматы алақандағыдай көрінеді. Ол жерден қаланың ғаламат көрінісін, ерекше сәулетін тамашалай аласыз.