Соңғы жаңалықтар

Сұрақтар мен жауаптар

Нариман

Ұшықты қалай емдесем болады?

Талқылау

Пікір

Еркін
31 Мамыр, 16

Еріндегі ұшықты емдеу

Нақты ұшықты емдейтін дәрі бүгінгі күн әлі ойлап табылған жоқ. Емдеуге ұсынылатын дәрі-дәрмектер нейроциттерден вирусты ДНҚ элементтерін жоймайды, тек вирустардың көбеюін шектейді. Сондықтан ерініңіздегі ұшық жазылғанымен, біраз уақыттан кейін қайта пайда болуы мүмкін. Вирусқа қарсы құралдары қолдану арқылы вирустардың белсенділігін төмендетіп, ауруды басуға болады. Ерінге шыққан ұшықты емдеу ұзағырақ уақыт алады, себебі жара тиіспеген жағдайда ғана тез жазылады. Ал мәселе ерінге тірелгенде, бұл мүмкін емес. Жараның жазылуын ацикловир сынды вирусқа қарсы дәрі-дәрмектер тездетеді. Ацикловир мен валацикловирдің еріндегі ұшықты нәтижелі емдейтіні дәлелденген. Ерін бетіндегі ұшықты емдеуге ацикловир, пенцикловир, докосанол тиімді. Бұл дәрі-дәрмектерді дәріханалардан дәрігердің нұсқаулығынсыз ала аласыз. Бұл дәрі-дәрмектерді жүйелі түрде қолданып, гигиена сақтау керек. 

Денсаулық категориясындағы басқа сұрақтар
1
Admin

Менструалдық цикл дегеніміз не?

1
Nazarkhan

Стресс дегеніміз не?

1
Nazarkhan

Пандемия дегеніміз не?

1
Nazarkhan

Антисептик дегеніміз не?

1
Nazarkhan

Бронхит дегеніміз не?