Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Спандияр Көбеев деген кім?

Талқылау үшін сайтқа кіріңіз
Нұрдін
Жауап қалдырылды: 31 Мамыр, 16

Спандияр Көбеев - жазушы, қоғам қайраткері, Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген мұғалімі, ауылдарда мектеп ашқан адам. 

Ол 1878 жылы Торғай облысында (қазіргі Қостанай облысы) дүниеге келген. Ыбырай Алтынсарин ашқан қазақ-орыс мектебінде сауат ашып, Қостанайдағы бастауыш сынып мұғалімдерін дайындайтын училищеде білім алған.

Спандияр Көбеев Петропавлдағы орыс-қазақ мектебінде қызмет істеп жүрген кезінде өзінің Крыловтың өзі бұрын аударып, ауызша айтып беріп жүрген мысалдарын жинап, түзеп, толықтырып, баспаға жібереді. Ыбырай Алтынсариннің ізін қуып, жолын жалғастырған Спандияр Көбеев балаларға орыс тілі мен әдебиетін оқытқан. Тұңғыш кітабы "Үлгілі тәржіме" деген атаумен 1910 жылы Қазанда баспа бетін көрді. 

Енді Спандияр Көбеев өзінің құрметті ұстаздары Ыбырай Алтынсаринның, орыс халқының атақты педагогі Г.Д.Ушинскийдің үлгілері бойынша өзі оқытып жүрген балаларға арнап оқу кітабын жасауға кіріседі. Осының нәтижесінде 1912 жылы Қазан қаласында Спандияр Көбеевтің екінші кітабы – «Үлгілі бала» деген оқу кітабы басылып шығады.

Көбеев өзінің «Үлгілі бала» атты оқу кітабын Лев Толстойдың «Новая азбука», «Русская книга для чтения» деген, Ушинскийдің «Детский мир» деген кітаптарының, Ыбырай Алтынсариннің «Мақтүбат», «Киргизская хрестоматия» деген кітабының үлгісі бойынша жасады. Негізгі материалдарды солардан алған.

Өскелең ұрпақтың тәрбиесі мен білімі жөнінде көп қалам ербеген жазушы әрі ұстаз көптеген ауылда мектеп ашуға белсенді атсалысқан. «Оқытушының беделді болуының маңызы», «Балаларды мәдениеттілікке тәрбиелеу», «Балаларды оқуға ынталандыру туралы» ғылыми мақалаларында педагогикалық көзқарасын, ұстанымын танытады. 

Оқытушы, жазушы ретінде Спандияр Көбеев еліміздің қоғамдық өмірінде әр кезде болған тарихи оқиғаларға араласып жүрді. Мысалы, ол 1905-1907 жылдардағы буржуазиялық-демократиялық революция кезінде жұмысшы-шаруа қозғалысын басқарған большевиктерге көмектесті. Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі кезінде, 1917 жылғы ақпан, қазан төңкерістері кезінде халықпен бірге болды. Соңғы он шақты жыл ішінде Спандияр Көбеев өзінің өмірі мен қоғамдық қызметі, басынан өткен оқиғалары мен ойлары, көргендері мен білгендері туралы мемуарлық көлемді шығарма жазды. Онысы «Орындалған арман» деген атпен 1951 жылы жарық көрді.

Орыс халқының классик әдебиетін қазақ тіліне көп аударған, әсерісе И.А.Крыловтың мысалдарын толығырақ аударып, оларды жинап, бөлек кітап етіп басып шығарған Спандияр Көбеев болды. Ол Крыловтың қырықтан аса мысал өлеңін 1910 жылы «Үлгілі тәржіме» деген атпен жинап, баспаға әзірлеп берді.

Спандияр Көбеевтің Крыловтан аударған, «Үлгілі тәржіме» жинағында басылған мысал өлеңдер мыналар еді: «Күйеу таңдаған сұлу қыз», «Өтірікші», «Аң ауалсқан қоян», «Емен мен тал шыбық», «Шал мен өлім», «Қасқыр мен тырна», «Маймыл мен айна», «Қасқыр мен мысық», «Шымшық пен көгершін», «Маймыл мен көзілдірік», «Аққу, шортан һәм шаян», «Көлбақа мен өгіз», «Қарға мен түлкі», «Аңға шыққан арыстан», «Маймылдар», «Қасқыр мен қозы» және тағы басқа өлеңдер.

Крылов өзінің мысалдарын орыстың нағыз халықтық тілімен, барлық сөз байлығын қолданып, мақал-мәтел сияқты сөз өрнегін көп кірістіріп, өлеңмен жазған. Соларды Көбеев қазақ тіліне өлеңмен аударды.

Жазушы 1911 жылдан бастап «Қалың мал» романын жазуды қолға алған. Оның бұл романы тұңғыш рет 1914 жылы Қазанда басылып шықты. Спандияр Көбеев Қазақстан Совет жазушылары одағының мүшесі болды.

Спандияр Көбеев 1910-1919 жылдары оқытушылық қызметпен қатар жазушылықпен де айналысқан. Ол төңікеріс жылдары «Бақытсыздықтың бір күні» атты романды жазуды қолға алған. Алайда қаламгердің бұл романы жарыққа шықпады. Себебі ол қолжазба күйінде жоғалып кеткен. Жазушы кейін «Қисық кегі», «Қазақ аулындағы тұңғыш мектеп» туындыларын жазбақ болған. Бірақ денсаулығы нашарлап, көкейіндегі туындыларды жаза алмайды. Осылайша, Көбеев өмірін оқытушылық қызметке арнап, жазушылықтан көп уақытқа қол үзіп қалған.

Көбеев кеңес өкіметі кезінде уақытын оқытушылыққа арнаған. Ол 1939 жылы оқу-ағарту саласында ұзақ жылдар қызмет еткені үшін Ленин орденімен марапатталып, 1944 жылы «Қазақ КСР-ына еңбегі сіңген мұғалім» құрметті атағына ие болды. Жазушы 1947 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне депутат болып сайланған. Ал 1949 жылы Ленин орденімен екінші мәрте марапатталды.

Спандияр Көбеев шығармашылығындағы ұзаққа созылған үзілістен соң мемуарлық кітабын басып шығарды. Ол «Орындалған арман» деп аталады. Аталған кітап 1954 жылы өңдеуге ұшырап, екінші рет басылымға жіберліген.

Қаламгер ғұмырының соңғы жылдарына дейін туған ауылы Ақсуатта орналасқан он жылдық мектепте оқытушы болып қызмет еткен. Ол 1956 жылы 78 жасында өмірден озды.

 

Танымал тұлғалар категориясындағы басқа сұрақтар