Соңғы жаңалықтар

Сұрақтар мен жауаптар

Асима

Өлеңді қалай тез жаттауға болады?

Пікір

Есентай
03 Маусым, 16

Өлеңді тез жаттаудың тәсілдері:

  • Өлеңді дауыстап бірнеше рет оқып шығыңыз. 
  • Өзіңізге түсініксіз сөздерді табыңыз. Поэзия тілі - өте бай. Көбіне ақындар көпшілік біле бермейтін сөздерді қолданып жатады. Бұрынғы уақыттарда жазылған өлеңдерде көнерген сөздер, таныс емес атаулар мен жер-су аттары қолданылған болуы мүмкін. Олардың мағынасын біліп алуға тырысыңыз.
  • Өлеңде берілген оқиғаны не сезімді түсінуге тырысыңыз. Өлең жолдарында ұшырасқан түсінуге күрделі сөздердің амғансын ажыратып, түсінік қалыптасқан соң өлеңде берілген оқиғаны түсінуге күш салу қажет. Егер өлеңде не жайлы айтылғанын түсіне алмасаңыз, арасында не байланыс, не мағына жоқ сөздер жиынын жаттау қиынға соғады. 
  • Өлеңнің әр жолының бір-бірімен байланысын ұғына біліңіз. Өлең белгілі бір сюжетке құрылмаса да, ондағы жолдардың байланысын табу, түсіну тұтас өлеңді оңай жаттауға себін тигізеді.
Білім, ҰБТ категориясындағы басқа сұрақтар
1
Nazarkhan

Дидактика дегеніміз не?

1
Nazarkhan

Антитеза дегеніміз не?

1
Nazarkhan

Хикаят дегеніміз не?

1
Nazarkhan

Коучинг дегеніміз не?

1
Nazarkhan

Вебинар дегеніміз не?