Сұрақтар мен жауаптар
Ең танымал
Барлық айдарлар
Мақал-мәтелдер
49
Қазақтың салт-дәстүрлері
14
Эссе мен шығармалар жиынтығы
23
Нақыл сөздер
7
Жұмбақтар
2
Білім, ҰБТ
207
Денсаулық
191
Махаббат
18
Мерекелер
25
Тарих
54
Құттықтау тілектер
39
Сценарий
6
Үйлену тойы
15
Дін
81
Кино мен ТВ
2
Ұстаздарға
13
Танымал тұлғалар
90
Қазақ әдебиеті
121
Компьютер және интернет
17
Қазақстанның көрнекі жерлері
20
Әлем бойынша
38
Қоғам және саясат
72
Жануарлар және өсімдіктер
58
Жұлдызнама және жорамал
17
Түс жору
17
Ғылым және техника
49
Сән және сұлулық
48
Заңгерлік кеңес
17
Әртүрлі
256
Қаржы кеңесшісі
12
Ойындар
10
Пікір
Нарманбет Орманбетұлы 1859 жылы Қарқаралы уезінің Балқаш болыстығының №3 ауылы Соған жерінде дүниеге келген. Оның әкесі ауқатты адам болған. Ауылға молда шақыртып, ұлы Нарманбет молдадан сауат ашқан. 1873 жылы Нарманбет Қарқаралыдағы орыс мектебіне оқуға барып, онда бір жыл білім алады. Мұнан кейін ол Қарқаралыда қалып, ақылы түрде орыс тілін үйренген.
Нарманбет 14 жасынан өлең жаза бастайды. Лирикалық өлеңдер жазып қана қоймай, қазақ даласының тыныс-тіршілігін танытатын ааматтық тақырыптарда да қалам тербеп, “Қасірет деген бір тау бар”, “Балалық күй”, “Шал қайғысы” сынды өлеңдер жазған. Абаймен танысу ақынның азаматтық ұстанымына ықпал етіп, ол билікке деген көзқарасын білдіріп, жастардың білім алуында қамқор болып, болыстардың сайлауына қызығушылық танытады.
Ақынның әкесі Орманбет Байжомартұлы Қарқаралы уезінің басқармасында маңызды қызметтер атқарған. Нарманбет отбасындағы дәстүрді жалғастырып, қоғамдық істерге белсене араласқан. Ол бірнеше рет комиссия, съезд мүшесі болған. Қарқаралы қаласында уездік сот қызметін атқарған.
Нарманбет Орманбетұлы 1918 жылы дүниеден өткен.